29.01.2021
29.01.2021
Жалпы дәрігер атаулының ең басты қасиеті – адамдық ізгілігі. Бұл көп мамандарда кездесе бермейді. Бүгін УДЗ дәрігері Айжан Ахметжановаға риза болдым. Біріншіден, қазақ тілінде сөйлегені, өз ұлтын, мемлекетін құрметтейтін жан екендігі. Бұл ең үлкен жетістігі және қазіргі кездегі ең керек қасиет. Бұл үшін ата-анасына, өзіне мың рахмет! Екінші, әдептілігі, ізгілігі, пациентке деген қамқорлығы. Бөлме іші суық болса да көңілі жылы. Ауруға қашан да жылы шырай керек. Мың дәріден бір адами көңіл қымбат. Сондықтан да шын жүректен алғыс айтамын!
Аким Искак