логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

Шайкенова Майра Кульмаганбетова

Ақ халатты абзал жан-дәрігер болу-ең ұлы әрі қастерлі мамандық. Тіршілік үшін судың маңызы қандай болса, дәрігерлердің де адамдар үшін мәні зор. Мен №8 емханасының 48 участкісіндегі-Омарова Гульферизатқа алғысым шексіз. Тоғыз жылдан бері демікпе ауруымен аурамын. Өмір деген кімге де болса қымбат. Ауруым жаныма батып, тылсым дүниеден баз кешкен кезімде дәрігерім-Гульферизатқа барғанда, жылы жүзімен, парасатты қарым-қатынасынан қуат аламын. Өз ісіне сүйіспеншілікпен қарайды. Жауапкершілігі өте жоғары. Тиісті дәрігерлерге жіберіп, егжей-тегжей саралап, қайта-қайта бақылайды, әрі барлығын жүйелеп түсіндіреді. Ыстық ықыласынан-ақ ауруында ұмытасың. Медбикелері-Жайлаубай Исмарал,Нурумбаева Камила істерінің ұқыпты,жанашыр,пациенттерін жылы жүзбен қарсы алып, дәрігердің нұсқауын уақытылы жазып,үлкен мән береді. Еңбектері ерен. Сіздерге ауыр да жанкешті, мәртебелі жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Отбасымыз амандық, денсаулықтарыңыз мықты болып, емделушілеріңіздің сый-құрметіне бөлене беріңіздер!


Аурухана серіктестері