Жүсіпов Аманқос Ж. Усенбаева Зиба
Мен Маңғыстау обл Жаңаөзен қаласы. Қызылсай аулының тұрғынымын. Қызылсай емханасының ақ халатты абзал жандар дәрігер Ужазова Алтын Ә.медбикесі Ембердиева Қанапияға шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Дәрігер өз ісіне ұқыпты, жанашыр, өз пациенттерін жылы жүзбен қарсы алады. Біздерге уақтылы дәрілерін беріп тұрады. Қабылдау кезінде барлығын жүйелеп түсіндіреді. Сіздердің кәсіби мерекеңізбен құттықтаймыз! Осы емханада қызмет жасайтын ақ халатты жандарға мың алғыс! Дендерің сау болсын. бала —шағаңыз аман болсын! Біз біргеміз!