Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Сақтандыру полистер бойынша

Егер Сіз ауырған кезде қаралатын сақтандыру картасының ұстаушысы болсаңыз, онда ең алдымен осы полис бойынша бара алатын клиника мен өзіңіздің сақтандыру бағдарламаңызды біліп алу қажет, ол үшін сақтандыру компаниясының тәулік бойы жұмыс істейтін сервис орталығына (Call-center) телефон шалу және координаторлардан кеңес алу жеткілікті. Телефон нөмірі Сіздің жеке пластик картаңызда көрсетілген.

Маңызды!

ҚР ПІБ МО Ауруханасында медициналық көмек алу үшін сақтандыру компаниясының Медициналық орталығынан (ассистанс) алдын ала жолдама алу қажет екендігін біліп алыңыз. Осындай талап туралы Сіз сервистік медициналық компаниясына (сақтандыру компаниясына) міндетті түрде хабарлауыңыз қажет.

Егер сақтандыру бағдарламасы Сіздің сақтандыру компаниясы орталығына (ассистанс) алдын ала қаралусыз сізге ҚР ПІБ МО Ауруханасына қаралу мүмкіндігін беретін болса, онда біздің медициналық мекемеге келгеннен кейін пациенттің жеке амбулаторлық картасын ашу үшін тіркеу бөліміне бару қажет, өзіңізбен бірге жеке куәлік пен сақтандыру клиентінің пластик картасы болуы тиіс, одан әрі жолдама алу үшін терапевтке немесе координаторға бару қажет.

Жолдама – бұл қажетті медициналық қызметті көрсетумен Сіздің сервистік компаниясының (немесе сақтандыру компаниясының) логотипі бар арнайы сақтандыру бланкі.

Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін немесе тағайындалған зерттеуден өткеннен кейін дәрігер Сізден осы бланкке қол қоюды сұрайды. Осылайша, Сіз осы медициналық қызметті алуды растайсыз және медициналық көмекті көрсету сапасымен келісесіз.

Аурухана координаторы (терапевт) Сізге жетекшілік етеді және қажет болған кезде Сізге дәрілерге рецепт береді және сақтандыру бағдарламасы аясында сақтандыру жағдайына сәйкес одан әрі емдеуден немесе диагностикалық зерттеуден өтуге бланкті толтырады.

ҚР ПІБ МО Ауруханасы барлық сақтандыру компанияларымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының сервистік компанияларымен (ассистенттерімен) қызмет істейді. Бірақ, медициналық қызметтерді алу ережелері, сақтандыру бағдарламасы сияқты әркімде әр түрлі екендігін есепке алуды сұраймыз.

Аса нақты ақпарат тел. бойынша: 7 (7172) 70 80 91, 70 80 92

Сізге денсаулық пен өркендеу тілейміз!

Сақтандыру бойынша халықаралық серіктестер

  



Аурухана серіктестері