№9 терапиялық бөлімше (эндокринология)
№9 терапиялық бөлімше ішкі ағзалар ауруларының кең спектрі бойынша пациенттерге білікті медициналық көмек көрсетеді. Жұмыстың негізгі бағыттары – эндокринология және жалпы терапия. Бөлімшеде 22 төсек ашылған.
Бағыт: Эндокринология
Эндокринологиялық бағыт эндокриндік жүйенің ауруларын диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға мамандандырылған, соның ішінде:
- 1 және 2 типті қант диабеті;
- семіздік және метаболикалық синдром;
- қалқанша безінің аурулары (гипотиреоз, тиреотоксикоз, зоб);
- бүйрекүсті безінің функциясының бұзылуы;
- гипофиз патологиясы;
- остеопороз және басқа метаболикалық бұзылулар.
Біздің эндокринологтар зертханалық диагностиканы, ультрадыбысты, гормоналды панельдерді қоса алғанда, заманауи зерттеу әдістерін қолданады және клиникалық ұсыныстар мен әлемдік стандарттарға назар аудара отырып, жеке таңдалған ем тағайындайды.
Бағыт: Жалпы терапия
Жалпы терапиялық бағыт ауруларды кешенді бағалаумен және емдеумен айналысады:
- жүрек-қантамыр жүйесі (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және т. б.);
- тыныс алу ағзалары (созылмалы бронхит, бронх демікпесі және т. б.);
- ас қорыту ағзалары (гастрит, асқазан жарасы, панкреатит және т. б.);
- зәр шығару жүйесі.
Созылмалы ауруларға шалдыққан пациенттерді емдеуге, өршудің алдын алуға және өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударылады.
Біздің артықшылықтарымыз:
- Тәжірибелі дәрігерлік ұжым;
- Әр пациентке жеке тәсіл;
- Диагностика мен терапияның заманауи әдістері;
- Пациентте бөлімшеде болуының қолайлы шарттары;
- Емдеу мен оңалтудың барлық кезеңдерінде пациенттерді сүйемелдеу.
Сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасаймыз және жоғары кәсіби деңгейде білікті көмек көрсетуге дайынбыз.
Бөлімше дәрігерлері
![]() |
Тоқсайытова Гүлмира Бузаубайқызы ҚР ПІБ МОА бас эндокринологы, медицина ғылымдарының кандидаты, эндокринолог дәрігер |
![]() |
Абдрахманова Жанар Талғатқызы бөлімше меңгерушісі, медицина магистрі, бірінші санатты эндокринолог дәрігер. Жұмыс өтілі 19 жыл |
|
Рахымжанова Айжан Байдалқызы ординатор дәрігер, екінші санатты терапевт, MBI магистрі. Жұмыс өтілі 9 жыл |
|
Сәрсембай Абылайхан Жанатұлы ординатор дәрігер, эндокринолог. Еңбек өтілі 5 жыл |
|
Шыман Жанмед Жанкелдіұлы резидент дәрігер, бірінші санатты эндокринолог, клиникалық аспирантура (3 жыл) зерттеуші дәрігер. Жұмыс өтілі 13 жыл |