логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

№3 терапиялық бөлімше (неврология)

Бөлімше туралы

Бөлімше – ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы терапиялық қызметінің алдыңғы қатарлы құрамдас бөліктерінің бірі. Терапиялық бөлімше неврология бейіні бойынша мамандандырылған емдік-диагностикалық көмек көрсетеді. Бөлімше дәрігерлері нейродегенеративті аурулар, нейробұлшықет аурулары, аутоиммунды аурулар, эпилепсия, әртүрлі ауырсыну синдромдары, бас аурулары, омыртқа аурулары сияқты орталық және перифериялық жүйке жүйесінің ауруларын диагностикалаумен және емдеумен айналысады. Сондай-ақ, бөлімшеде ерте нейрореабилитация, инсульт пен нейрохирургиялық операциялардан кейін пациенттерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Неврология. Неврологиялық қызметтің маңызды бағыты – инсульттің атипті түрлері, эпилепсия, нейродегенеративті аурулар, жүйке жүйесінің қабыну және миелинсіздендіруші аурулары сияқты диагноздары күрделі пациенттерді диагностикалау және емдеу.

Еуропа мен Азияның үздік клиникаларында тағылымдамадан өткен неврологтар, нейрофизиологтар, нейрохирургтер, оңалту дәрігерлерінен құралған аурухананың көпсалалық тобы эпилепсия, Паркинсон, Альцгеймер, ұмытшақтық склероз, миастениямен ауыратын пациенттермен табысты жұмыс істеуде.

Бөлімше қызметтері

Өз жұмысында мамандар in vivo мидың өткізгіш жолдарының бағдары мен тұтастығын визуализациялауға мүмкіндік беретін мидың магнит-резонанстық трактографиясы, ми құрылымындағы патологиялық «эпи-ошақты» анықтайтын эпилепсия мен құрысу синдромындағы магниттік-резонанстық нейровизуализация сияқты диагностиканың заманауи әдістерін пайдаланады. Бұл пациентті басқару тактикасын анықтау және оны емдеу әдісін (хирургиялық немесе консервативті) таңдау үшін маңызды. Сонымен қатар, мидың көлемді өспелерін дифференциалды диагностикасында, нейроинфекцияларда, нейродегенеративті ауруларда, жарақаттарда қолданылатын әдіс – мидың 1Н магнит-резонанстық спектроскопиясы жасалады. Бұл әдістер ауруды диагностикалау үшін ғана емес, оның болжамын анықтау үшін де қолданылады.

Бөлімше дәрігерлері

Аймагамбетова Венера Канатовна.jpgВенера Қанатқызы Аймағамбетова
Бөлімше меңгерушісі
Невролог дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 23 жыл









силуэт женский 02.jpgЖанар Бақытжанқызы Оспанова
Невролог дәрігер
Бірінші санат
Жұмыс өтілі 10 жыл










Ташметова Дамира Камаркуловна.JPGДамира Қамарқұлқызы Ташметова
Невролог дәрігер
Бірінші санат
Жұмыс өтілі 10 жыл










силуэт женский 02.jpgЛәззат Өміртайқызы Мадиярова
Невролог дәрігер
Жұмыс өтілі 4 жыл











Бастаубаева Әсем Рақымғалиқызы.JPGӘсем Рақымғалиқызы Бастаубаева
Невролог дәрігер
Жұмыс өтілі 4 жыл


Аурухана серіктестері