Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Жедел медициналық жәрдем бөлімшесі

Бөлімше туралы

Жедел медициналық жәрдем бөлімшесі аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің бірі, бөлімше Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркелген азаматтардың жекелеген санатына тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетуге және пациенттің өміріне, денсаулығына және (немесе) жай-күйіне қауіп төнген кезде, жазатайым оқиғалар кезінде оқиға орнында және жолда шұғыл көмек көрсетеді. Құрамына: диспетчерлік қызмет және жедел медициналық жәрдемнің көшпелі дәрігерлік бригадалары кіреді. Бөлімше Аурухананың жеке ғимаратында орналасқан, G блогы, 1-қабат.

Жедел медициналық жәрдем дәрігерлік бригадаларының санитариялық автокөлігі (реанимобиль) заманауи медициналық портативті жабдықтармен (монитор дефибриллятор, кардиограф, жасанды желдету аппараты) және медициналық мүкәммалмен (иммобилизация құралдары, босандыру және травматологиялық жиынтық, реанимация үшін жинамалы сөмке және басқалар) жарақтандырылған.

Бөлімше қызметтері

1. Аурухананың жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің пультіне түсетін ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл өтінімдерге қызмет көрсету.

2. Өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін шұғыл және кезек күттірмейтін көмекке мұқтаж науқастарды (зардап шеккендерді) ургентті бейінді стационарларға және басқа мекемелерге тасымалдау.

3. Қала көлемінде өткізілетін ресми және қоғамдық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету.

Көрсетімдер:

  • жіті аурулар мен өмірге қауіп төндіретін жай-күйлер, сондай-ақ денсаулыққа елеулі зиянның алдын алу үшін оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында.

Мынадай жағдайларда жедел жәрдем бармайды:

  • өмірге және денсаулыққа қауіп төндірмейтін жағдайларға және мүмкіндігінше медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына (емханаға) өз бетінше жүгінуге болатын жағдайларда
  • учаскелік дәрігердің және басқа мамандардың жоспарлы тағайындауларын орындауға (дәрі-дәрмектерді инъекциялау, таңу, клизма).
  • жоспарлы диагностикалық зерттеулер жүргізбейді (зертханалық талдаулар: Covid-19 ПТР, патфлораға жағынды алу, ЭКГ жазу, қандағы қант деңгейін анықтау).
  • жоспарлы тексеруге және қаланың стационарлары мен өзге де мекемелеріне емдеуге жатқызуға тасымалдау қажеттілігі.
  • дәрілік заттарға рецепт жазбайды, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ бермейді, қайтыс болу фактісін куәландырмайды және қайтыс болу туралы қорытынды бермейді, сондай-ақ алкогольдік және есірткілік масаңдықты куәландырмайды.
  • жедел медициналық жәрдем бригадасы Ақмола облысының аудан орталықтарына жататын қала маңындағы жақын елді мекендерге (Астана қаласының шегінен тыс) бармайды. Ауылдық елді мекендерде ЖМЖ шақыруларына қызмет көрсету үшін ЖМЖС аудандық кіші станциясының диспетчері жақын маңдағы медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық автокөліктерін тартады.

Бөлімше дәрігерлері

Бөлімшеде жақын және алыс шет елдерде оқумен және тағылымдамамен шұғыл медициналық көмек көрсетуде үлкен кәсіби тәжірибе жинаған санатты дәрігерлер жұмыс істейді

Байланыс деректері

Жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің пульті (тәулік бойы) – 70-79-03(04).

Бөлімше дәрігерлері


Көшербаева Айгүл Тоқтарқанқызы
Жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 22 жыл

Беков Нұрлан Кенжешұлы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 20 жыл

Бердімұратова Дана Сабыржанқызы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 33 жыл

Воробьева Ирина Михайловна
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 29 жыл

Деньгуб Виктория Федоровна
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 26 жыл

Ысқақов Нұрлан Маханбеталиұлы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Екінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 6 жыл

Кушнерик Ирина Ивановна
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 27 жыл

Матаева Жанна Уәлиханқызы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 22 жыл

Митин Евгений Дмитриевич
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 43 жыл

Мұсұлманбекова Жанар
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 24 жыл

Рыскелдинова Лаззат Елеусізқызы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 23 жыл

Салықова Зульфия Бүркітбайқызы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 25 жыл

Сапаров Өмірбек Ермекұлы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 18 жыл

Үсенова Ләззат Рахтайқызы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 45 жыл

Асқаров Алмат Мұратұлы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Екінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 5 жыл

Сандр Светлана Марьяновна
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 22 жыл

Ниязбек Роза Ережепқызы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
сертификат
Еңбек өтілі 3 жыл

Керімбекова Гүлдана Айтбекқызы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 12 жыл

Бегімбетова Жадыра Омарқызы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 12 жыл

Қыстаубаев Ержан Әлішерұлы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
сертификат
Еңбек өтілі 7 жыл

Әшірбаев Тастемір Ерғалиұлы
Жедел медициналық жәрдем дәрігері
сертификат
Еңбек өтілі 5 жыл

Аурухана серіктестері