Стоматологиялық бөлімше
Бөлімше туралы
ҚР-да аналогы жоқ (Германия, АҚШ өндірісі) стоматологиядағы 100 дана заманауи техникаларымен жабдықталған 11 кабинет бар. Бөлімшеде 100% медициналық персоналдың біліктілік санаты бар, оның 60% жоғары біліктілік санаты бар. Дәрігерлік персоналдың 60%-дан астамы шетелде оқудан өткен. Елдегі ең үздік жабдықтау. Жоғары сабақтастық (зерттеудің барлық түрлері, тәуліктің кез келген уақытында МОА мамандарының консультациясы). Емшаралардың қауіпсіздігі (шетелдік өндірушілердің дез.жабдықтарын қолдану арқылы қатаң санитарлық-эпидемиялық режим талаптарын сақтау). Қолжетімді бағалар.
- Сандық 3D-томограф, ОРПТГ, радиовизиографтарды, ауыз-іші камераларын пайдалана отырып кешенді тексеру
- "Vector", "SIROLASER" аппараттарында пародонт ауруларын дәрі-дәрмексіз емдеу. Хирургиялық емдеу аугментация және сүйек отырғызу арқылы жүргізіледі
- "BEGO" (Германия), "ALFA –BIO" (Израиль) имплантаттар жүйесімен имплаторталықтың пайдалануымен денталды имплантация жүргізіледі
- Синус-лифтинг операциялары кезінде аутофибрин ұйытқысы, жасанды сүйек, сүйек мембраналары қолданылады
- Протездеудің барлық түрлері, соның ішінде косметикалық – цирконий оксиді негізіндегі тіссауыттар, винирлер, біздің елде аналогы жоқ "LAZER STAR T PLUS" лазерлік дәнекерлеуге арналған аппаратты және "INLAB MC XL" зертханалық фрезерлік аппаратын пайдалану арқылы жапсырмалар орындалады
- "CEREC MC XL" аппаратында компьютерлік қайта құру жүргізіледі және 40 минут ішінде цирконий тіссауыты дайындалады, яғни бір рет барып келу кезінде
- Кез келген жастағы тістеуді түзету біздің клиникада ұсынылған "ORMCO" (АҚШ) брекет-жүйелерінің көмегімен мүмкін болады
Регистратура 8 (7172) 70-81-78

Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 31 жыл

Дәрігер стоматолог-ортопед
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 15 жыл

Дәрігер стоматолог-терапевт
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 35 жыл

Дәрігер стоматолог-терапевт
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 9 жыл

Дәрігер стоматолог-терапевт
Еңбек өтілі 19 жыл

Дәрігер стоматолог-терапевт
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 32 жыл

Дәрігер стоматолог-имплантолог
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 22 жыл

Дәрігер стоматолог-хирург имплантолог
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 11 жыл

Дәрігер стоматолог-ортопед
Еңбек өтілі 21 жыл
Дәрігер стоматолог-ортопед
Еңбек өтілі 13 жыл

Дәрігер стоматолог-ортопед
Еңбек өтілі 22 жыл