Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Геронтология орталығы

Орталық тарихы
2015 жылдың тамыз айында Геронтология орталығы Аурухана құрылымында жұмыс істей бастады. 

Орталық миссиясы
Сау қартаюға ықпал ету үшін геронтология және қартаюға қарсы медицина саласында ғылыми зерттеулер жүргізу. 

Орталық келешегі
Қартаю биологиясын және жасына байланысты ауруларды ғылыми зерттеу саласында жобалық, әдістемелік және консультациялық қызметті жүзеге асыратын орталық.

Міндеттері
  • Бейінді ғылыми зерттеулерді әдістемелік сүйемелдеу
  • Геронтология саласындағы жеке ғылыми жобаларды іске асыру
  • Жеке ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін қаржы қаражатын тарту
  • Мемлекеттік органдардың консультациялық топтары деңгейінде геронтологиялық көмекті дамытуға қатысу
Ғылыми зерттеулердегі басым бағыттар
  • Қартаюдың молекулалық биологиясы
  • Жасына байланысты ауруларды зерттеу
  • Әлеуметтік жағдайлардың қартаю процестеріне әсерін зерттеу 
Ғылыми зерттеулер
  • Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыруға қатысу, орындалу мерзімі 2021-2023 ж.ж., ғылыми жетекшісі ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бенберин В.В., қаржыландыру көзі - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
  • Мақсаты: қазақ популяциясындағы артериялық гипертензияның генетикалық қауіпін зерттеу.
  • Күтілетін нәтиже: зерттеудің 700 қатысушысында 2,5 млн бір нуклеотидті полиморфизмдер мен фенотиптік деректер арасында корреляциялық талдау жүргізу, практикалық денсаулық сақтау үшін ұсынымдар қалыптастыру.
  • Күтілетін ғылыми өнім: 4 зерттеу нәтижелерін нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік индекстелетін журналдарда жариялау, әдістемелік ұсынымдар.

  • «Метаболизмдік синдроммен байланысты аурулардың генетикалық қатерінің ерекшеліктерін зерттеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы, орындалу мерзімі 2018-2020 жж., ғылыми жетекшісі ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бенберин В.В. қаржыландыру көзі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті.
  • Мақсаты: метаболизмдік синдроммен байланысты ауруларды басқарудың дербестендірілген тәсілі үшін ғылыми негіздерді әзірлеу.
  • Нәтижесі: 3000 қатысушыда анықталған бір нуклеотидті полиморфизмдер мен фенотиптік белгілер арасында корреляциялық талдау жүргізілді, бұл олардың артериялық гипертензияның, семіздіктің, қант диабетінің, сүт безі қатерлі ісігінің, қуықасты безі қатерлі ісігінің, Альцгеймер ауруының, Паркинсон ауруының қазақ популяциясында өршуіне әсерін анықтауға мүмкіндік берді, функционалдық ұзақ өмір сүру ұзақтығының болжамымен байланысы анықталды. Нәтижесі метаболизмдік синдромды және онымен байланысты ауруларды басқару моделі болды.
  • Ғылыми өнім: пайдалы модельге 4 патент, зияткерлік меншік объектілеріне 22 куәлік, 7 әдістемелік ұсыным, халықаралық ғылыми форумдарда (АҚШ, Испания, Ресей, Швеция, Қазақстан) 23 баяндама, жүргізілген зерттеулер нәтижелерінің 28 жарияланымы, оның ішінде 19 - шетелдік рецензияланатын журналдарда, монография.

  • Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп «Қазақ популяциясының тұлғаларында артериялық гипертензия кезінде миокард пен каротид артерияларын қалпына келтірумен байланысты гендер полиморфизмдерін зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаның фрагментін орындау, БӘЖ жетекшісі медицина ғылымдарының докторы Р. Ж. Қарабаева, орындалу кезеңі 2018-2020 ж. ж. қаржыландыру көзі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті.
  • Мақсаты: қазақ популяциясындағы артериялық гипертензия кезінде каротид артериялары мен миокардты ерте қалпына келтіруге генетикалық бейімділікті анықтау және олардың даму қаупін бағалау тәсілдерін әзірлеу
  • Нәтижесі: 1000 қатысушыда анықталған бір нуклеотидті полиморфизмдер мен фенотиптік белгілер арасында корреляциялық талдау жүргізілді, бұл олардың қазақ популяциясындағы АГ кезінде ҚҚҚ ерте қайта модельдеуге әсерін анықтауға мүмкіндік берді, функционалдық ұзақ өмір сүру ұзақтығының болжамымен байланысын анықтады.
  • Ғылыми өнім: 5 авторлық куәлік, халықаралық конференцияларда (Испания, Швеция, Литва, Ресей, Қазақстан) 4 баяндама; 8 зерттеу нәтижелерін жариялау, оның ішінде 4 - шетелдік рецензияланатын журналдарда.

  • С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен бірлесіп «Қазақ популяциясындағы қуықасты безі обырының және сүт безі обырының агрессивті ағымының генетикалық маркерлерін зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаның фрагментін орындау, БӘЖ жетекшісі медицина ғылымдарының докторы Н.А. Шаназаров, орындалу кезеңі 2017-2019 ж. ж. қаржыландыру көзі-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.
  • Мақсаты: қазақ популяциясындағы қуықасты безі обырының және сүт безі обырының агрессивті ағымын болжауға мүмкіндік беретін бір нуклеотидті полиморфизмдерді зерттеу.
  • Нәтижесі: 4000 қатысушыда анықталған жалғыз нуклеотидті полиморфизмдер мен фенотиптік белгілер арасында корреляциялық талдау жүргізілді, қазақ популяциясындағы сүт безі обырының және қуықасты безі обырының агрессивті ағымы кезінде маңызы анықталды.
  • Ғылыми өнім: 4 авторлық куәлік, 4 әдістемелік ұсынымдар, халықаралық конференцияларда 8 баяндама (Испания, Ресей, Қазақстан); 8 жүргізілген зерттеулер нәтижелерін жариялау, оның ішінде 2 - шетелдік рецензияланатын журналдарда.

Орталық мамандары
Вощенкова Тамара Анатольевна
Геронтология орталығы басшысының орынбасары
Жоғары санатты дәрігер
Жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы
Клиникалық зерттеулер секторы

Сибагатова Айнур Сериковна Геронтология 
Орталығының клиникалық зерттеулер секторының меңгерушісі
Денсаулық сақтауды басқару магистрі

Нагимтаева Алмагуль Аманжоловна
Геронтология орталығының клиникалық зерттеулер секторының маманы
Медицина ғылымдарының кандидаты
Дәрігер-генетик
Бірінші біліктілік санатты дәрігер

Ахметова Камшат Мусахановна 
Геронтология орталығының клиникалық зерттеулер секторының маманы
PhD докторанты

Махмутова Айнура Ныгматулловна
Геронтология орталығының клиникалық зерттеулер секторының жетекші маманы
Химия ғылымдарының кандидаты
Қауымдастырылған профессор

Камалиева Жанар Маратовна
Геронтология орталығың техникалық хатшысы


Аурухана серіктестері