Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Резидентура

Аурухананың "Сәулелік диагностика" білім беру бағдарламасы бойынша "7R091 Денсаулық сақтау (медицина)" дайындау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметіне лицензиясы бар.


НПР Приложение к лицензии
НПР Лицензия

Медициналық резидентура (бұдан әрі – резидентура) – мақсаты тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіби біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын, клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру нысаны.

Дәрігер-резидент (бұдан әрі – резидент) – басшының/тәлімгердің қадағалауымен резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеретін дәрігер;

Резидентураның мақсаты қандай да бір мамандық бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін маман дәрігерлердің сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.

Резидентурада кадрларды даярлауы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Резидентурада оқыған кезде резидент бірқатар артықшылықтарға ие болады: таңдалған бейін бойынша терең білім алып, дәрігерлік қызмет тәжірибесіне ие болады.

Резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша дәрігер біліктілігін алу кәсіби өсу мен дамудың айтарлықтай кең мүмкіндіктерін ашады.

Резидентурада оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты 2 жылдан 4 жылға дейін.

Резидентурада оқу уақыты дәрігер-маманның жұмыс өтіліне есептеледі.

Резидентураға түсушілерге

Резидентураға қабылдау тәртібі

1. Аурухананың резидентура тыңдаушыларын қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

2. Аурухана резидентурасына тұлғаларды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

3. Шетелдіктерді Аурухананың резидентурасына қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

4. Шетелдік азаматтарды ақылы негізде Ауруханада оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде Аурухананың қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 күн бұрын жүзеге асырылады.

5. Резидентураға жоғары білім мен интернатураның білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.

6. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережелеріне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады.

7. Аурухананың резидентурасына түсетін адамдар төмендегі құжаттарды тапсырады:

- 1 қосымшаға сәйкес Аурухана директорының атына өтініш;

- ЖОО бітіргені туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- интернатураны бітіргені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- алты фотосурет 3 x 4 см.;

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиядан өткендігі туралы карточкамен);

- кадрды есепке алу бойынша жеке парақ;

- еңбек кітапшасы (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі, жұмысқа орналаспаған тұлғалар үшін еңбек кітапшасы жаңа ұсынылады);

- ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі (бар болған жағдайда));

- бас дәрігердің, ұйым басшысының/кафедра меңгерушісінің, деканның соңғы жұмыс/ оқу орнынан ұсыным хаты (қолы ұйымның мөрімен расталуы тиіс));

- шарт жасасуға және оқу шығындарын төлеуге кепілдік беретін хат (шарт негізінде түсетін тұлғалар үшін);

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге түсушінің қатысуымен жүргізілетін салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

8. Барлық құжаттар құжат тігілетін папкаға тігіледі, парақтар нөмірленеді және құжаттар тізімдемесіне енгізіледі. Титул парағында болуы тиіс:

- Үміткердің Т.А.Ә. (толық);

- мамандығы;

- үй мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы;

- түскен жылы.

9. Резидентураға түсу үшін құжаттарды Аурухананың қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында электрондық мекенжай бойынша қабылданады: edu.sc.clinika@gmail.com дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 12.00 - ге дейін, сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін.

10. Мамандық бойынша оқуға түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 8-16 тамыз аралығында, оқуға қабылдау - күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін өткізіледі.

Қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі

11. Резидентураға түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханын тапсырады.

13. Оқуға түсуші Ауруханада резидентураның білім беру бағдарламасы бойынша түсу емтиханын тапсырады.

14. Оқуға түсу емтихандарына дәлелсіз себептермен келмеу "0" балмен бағаланады.

15. Түсу емтихандарын тапсыру сол жылы қайта тапсыруға жол берілмейді.

16. Қабылдау комиссиясы қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша конкурс негізінде әрбір кандидат бойынша шешім шығарады. Түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.

Апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібі

17. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін Аурухананың апелляциялық комиссиялары құрылады.

18. Апелляциялық комиссия резидентураға түсетін тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштерді қабылдайды және қарайды.

19. Аппеляцияға өтінішті резидентураға түсетін адам аппеляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

Оқуға қабылдау тәртібі

20. Тұлғаларды резидентураға қабылдау білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады және мүмкін 100 балдан кемінде 50 балл жинаған.

21. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурстық негізде оқуға түсу емтиханы бойынша ең жоғары балл, кемінде 75 балл жинаған тұлғалар қабылданады.

22. Конкурстық баллдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, оқуға қабылдау кезінде таңдаған мамандығының бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктері бар тұлғалар басым құқыққа ие болады: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдарда; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар; ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар/дипломдар.


Аурухана серіктестері