Уразов Талгат Даутович
Уразов Талгат Даутович
Жалпы хирургия мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты дәрігер. Дәрігер-хирург мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі – 16 жыл.
Келесі әдістемелерді меңгерген:
- хирургиядағы жоспарлы және шұғыл патологиялар кезіндегі лапаротомиялық және лапароскопиялық операциялар (өңеш, асқазан, жіңішке және жуан ішек, бауыр, өт шығару жолдары, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, көкбауыр және т. б.);
- жарықтың әртүрлі түрлері кезіндегі лапаротомиялық және лапароскопиялық операциялар (көгет, шап, сан, кіндік, құрсақ және т. б.);
- бауыр (эхинококк, альвеококк), көкбауыр, ішперде артындағы кеңістіктің паразитті аурулары кезіндегі операциялық араласулар;
- бариатриялық операциялық араласулар (семіздікті хирургиялық емдеу);
- ішперде қуысына роботтандырылған операциялық араласулар.
Білімі:
1997-2003 жж. «Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы», мамандығы – емдеу ісі;
2003-2004 жж. Астана қ. ҰҒМО АҚ базасында «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатура.
Қайта даярлау:
2018 ж. – TransEnterix «Роботтандырылған хирургия орталығы» оқу және сертификат алу, Италия, Милан;
2017 ж. – «Бариатриялық хирургия», «Шиба» медициналық орталығы, Израиль.
Жұмыс тәжірибесі:
2004-2007 жж. СҚО, Петропавл қ., № 3 қалалық аурухана;
2007 ж. – бүгінгі күні – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы, №2 ХБ дәрігері.