логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Бекпаев Галижан Амангельдинович

Бекпаев ГА.jpgБекпаев Галижан Амангельдинович

Жалпы хирургия мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты дәрігер. Дәрігер-хирург мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі – 17 жыл. 

Келесі әдістемелерді меңгерген:

- хирургиядағы жоспарлы және шұғыл патологиялар кезіндегі лапаротомиялық және лапароскопиялық операциялар (өңеш, асқазан, жіңішке және жуан ішек, бауыр, өт шығару жолдары, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, көкбауыр және т. б.);

- жарықтың әртүрлі түрлері кезіндегі лапаротомиялық және лапароскопиялық операциялар (көгет, шап, сан, кіндік, құрсақ және т.б.);

- бауыр (эхинококк, альвеококк), көкбауыр, ішперде артындағы кеңістіктің паразитті аурулары кезіндегі операциялық араласулар;

- АІЖ, бауыр, көкбауыр, ішперде артындағы кеңістіктің, жұмсақ тіндердің онкологиялық аурулары кезіндегі лапаротомиялық және лапароскопиялық операциялар;

- бариатриялық операциялық араласулар (семіздікті хирургиялық емдеу);

- ішперде қуысына роботтандырылған операциялық араласулар.

Білімі:

1996-2002 жж. – «Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы», мамандығы – емдеу ісі;

2002-2003 жж. – Астана қ. ҰҒМО АҚ базасында «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатура

Қайта даярлау:

2019 ж. – TransEnterix «Роботтандырылған хирургия орталығы» оқу және сертификат алу, Италия, Милан;

2013 ж. – онкологиядағы хирургия, Эссен, Германия;

2012 ж. – онкологиядағы хирургия, Сеул, Оңтүстік Корея.

Жұмыс тәжірибесі:

2003 ж. маусым – 2008 ж. қаңтар – Астана қ. ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталі, хирургия бөлімшесінің ординаторы, хирург;

2008 ж. қаңтар – 2010 ж. мамыр – Астана қ. «ҚР ПІБ МО ауруханасы» РМК, хирургия бөлімшесінің ординаторы, хирург;

2010 ж. мамыр – 2012 ж. қазан – Астана қ. «Онкологиялық диспансер» МҚК, №2 хирургиялық бөлімше ординаторы, хирург-онколог;                                                                               

2012 ж. қыркүйек – бүгінгі күні – Астана қ. «ҚР ПІБ МО ауруханасы» РМК, хирургиялық бөлімше ординаторы, хирург.


Аурухана серіктестері