№1 хирургиялық бөлімше (оториноларингология)
Бөлімше туралы
№1 хирургиялық бөлімше (оториноларингология) ҚР ПІБ МОА хирургиялық қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі. Бөлімше МОА жаңа ғимаратындағы А1 блогының алтыншы қабатында орналасқан. 25 төсек-орны бар, оның 16-сы ЛОР, 9-ы көз микрохирургиясына арналған. Бөлімше жаңа жабдықтармен, заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер тобы оториноларингологтардан, офтальмологтардан құралған. Көрсетілетін қызметтер тізбесі барлық дерлік оториноларингологиялық бағыттарды қамтиды. Операциялар республикалық квота есебінен және ақылы негізде жасалады.
Бөлімше қызметтері
Біздің бөлімшенің ЛОР мамандары республика халқы үшін өзекті ЛОР проблемаларын диагностикалаумен, операциялық және консервативті емдеумен айналысады. Операциялық зал медициналық техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталған, олардың құрамында «Carl Zeiss» фирмасының операциялық микроскопы, «Carl Storz» фирмасының эндоскопиялық видеожүйесі мен навигациялық жүйесі, «Deca» фирмасының операциялық лазері бар. Мұның бәрі ЛОР ағзаларына аз инвазивті, жоғары тиімді және ең бастысы пациенттер үшін қауіпсіз бірегей операциялар жасауға мүмкіндік береді.
Біздің бөлімше мынадай негізгі клиникалық бағыттарды қамтиды:
Ринохирургия
- FESS – мұрынның қосалқы қуыстарының (гаймор, маңдай, торлы және негізгі қуыстар) функциялық эндоскопиялық хирургиясы. Операция үрдісін экранда үнемі бақылауға мүмкіндік беретін әр түрлі 00, 300, 450, 900, 1200 шолу бұрыштары бар қатты эндоскоптарды және HD мониторы бар бейнетағандарды, сондай-ақ микродибридерді (шейвер) қолдану арқылы жүргізіледі. Операцияның артықшылығы – аз инвазивтілік, жоғары тиімділік болып табылады, бұл пациенттердің тез қалпына келулеріне көмектеседі. Жіті және созылмалы қабыну, бөгде денелер, киста және мұрынның қосалқы қуыстарының мукоцелесі, полипозды синуситтер, мұрыннан қан кетуінің қайталануы мұндай операцияларға көрсетілімдер болып табылады.
- Септопластика – клиникалық түрде тыныс алудың бұзылуымен сипатталатын мұрын далдасының деформациясын түзетуге бағытталған операция. Біздің бөлімшеде септопластиканы орындау кезінде эндоскопиялық бақылау қолданылады, бұл мұрын далдасының деформацияға қатысы жоқ бөліктерін барынша сақтай отырып, септопластиканың перфорация сияқты салдарларын азайтады.
- Турбинопластика – мұрынның көлемі ұлғайған немесе полипозды өзгерген төменгі қалқандарының пішінін түзету мақсатындағы операция. Ол радиожиілікті пышақпен жасалды, мұрын қуысының сілемейлі қабығына әсер етпейді.
Отохирургия
- Ортаңғы құлақ қуыстарына есту қабілетін жақсартату және есту қабілетін сақтау мақсатында жасалатын операциялар (I, II, III, IV және V типті тимпанопластика, стапедопластика, оссикулопластика, антромастоидэктомия). «Carl Zeiss» компаниясының заманауи операциялық микроскопын пайдалану құлақ пердесінің өте жіңішке құрылымдарында дәл манипуляция жасауға мүмкіндік береді
- Жұтқыншақ және көмей хирургиясы
- Кеңірдектің қатерсіз өспелері кезінде операциялық ларингоскоптарды, микроскоптарды және микроқұралдарды қолдана отырып жасалатын көмей микрохирургиясы
- Дауыс желбезектерінің екі жақты парездері, көмейдің қатерсіз ісіктері үшін операциялық лазер қолданылатын көмей микрохирургиясы
- Апноэ және қорыл кезінде жұтқыншақ пен көмейді қалпына келтіру
- «Суық» құралдардың, коблатордың («суық плазма») көмегімен классикалық тонзиллоэктомия. Коблаторды, «суық кесу» әсері бар құралды пайдалану қан кетуді азайтуға мүмкіндік береді және операциядан кейінгі қалпына келу кезеңін қысқартады
- Шейвердің көмегімен аденотомия.
Бөлімше дәрігерлері
![]() |
Талапбек Мұратұлы Әженов Бас оториноларинголог Медицина ғылымдарының докторы Жоғары санат Жұмыс өтілі 25 жыл |
![]() |
Арман Кәкімжанұлы Нагуманов Бөлімше меңгерушісі Жоғары санат Жұмыс өтілі 20 жыл |
![]() |
Дмитрий Вилориевич Когай Оториноларинголог дәрігер Жоғары санат Жұмыс өтілі 15 жыл |
![]() |
Әлия Мұхамеджанқызы Ибраева Оториноларинголог дәрігер Бірінші санат Жұмыс өтілі 17 жыл |
![]() |
Маханбет Медет Елтайұлы Оториноларинголог дәрігер Жоғары санат Жұмыс өтілі 13 жыл |