Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

№ 9 хирургиялық бөлімше (көз микрохирургиясы)

Аурухананың офтальмологиялық қызметінде бірінші және жоғары санатты 14 дәрігер жұмыс істейді, қызметті медицина ғылымдарының докторы Құрманғалиева Мадина Маратқызы басқарады. Қызмет құрамына хирургиялық бөлімшенің тәуліктік стационарының 5 төсегі, күндізгі стационардың 5 төсегі және емханалық буынның 3 блогындағы (профилактикалық, консультациялық-диагностикалық және ақылы қызмет бөлімшелері) офтальмолог кабинеттері, оның ішінде лазерлік кабинет кіреді.

Диагностиканың жоғары деңгейі заманауи тонометр, компьютерлік периметр, рефрактометрлерден бастап оптикалық когерентті томограф, ультрадыбыстық және лазерлік биометрлерге дейінгі соңғы жабдықтардағы офтальмологтардың кәсіби жұмысымен қамтамасыз етіледі.

Офтальмологиялық операцияларға негізінен катаракта және глаукома хирургиясы кіреді. Катаракта хирургиясы қазіргі офтальмологиядағы «алтын стандарт» болып табылатын факоэмульсификация әдісімен жасалады, еліміздің және шетелдің жетекші клиникаларында оқудан өткен №1 хирургиялық бөлімшенің дәрігерлері Құрманғалиева Мадина Маратқызы, Жалмағамбетова Әлия Тілеуліқызы, Молдашева Гүлфайруз Жанахметқызы бұл операцияны сәтті жасайды.  Операциялар ең заманауи жабдықта – Инфинити микрохирургиялық жүйесінде, Lumera микроскопында жетекші әлемдік өндірушілердің «жұмсақ» көзішілік линзаларының, соның ішінде премиум класты линзаларынфң көмегімен орындалады. Офтальмологиялық операция бөлмесі операциялардың эпидемиологиялық қауіпсіздігіне кепілдік беретін ламинарлы желдету ағындарымен қамтамасыз етілгенін ерекше атап өткен жөн.

Офтальмохирургияның көпбейінді клиникада орналасуы ілеспе жалпы аурулар болған жағдайда пациенттерге қосымша тексерулер мен консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта катаракта емі біздің Аурухананың базасында тек стационар жағдайында ғана емес, сонымен қатар қалалық емханалар дәрігерлерінің жолдамасы бойынша амбулаториялық негізде де қолжетімді.

Клиникада глаукоманы диагностикалау мен емдеуге ерекше мән беріледі. Бұл үшін біздің мүмкіндігіміз мол. Пахиметрияны, Паскаль тонометриясын, компьютерлік тонометрияны және т.б. қолдана отырып, пациентті қазіргі деңгейде глаукомаға тексеру экономикалық дамыған елдердегі қайтымсыз соқырлық пен нашар көрудің негізгі себептерінің бірі болып табылатын осы жасырын аурудың ерте диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Глаукома анықталған кезде офтальмолог көзішілік қысымның тиісті деңгейіне жету үшін гипотензиялық тамшылар тағайындайды.Тамшылар тиімсіз болған жағдайда лазерлік және микрохирургиялық гипотензиялық операциялар жасалады. Клиникада қайталанатын операциялар кезінде қажет болатын глаукомалық дренаждарды қолдану арқылы операциялар сәтті енгізілді.

Көздің қантамырлық патологиясы бар науқастарды емдеудің жаңа бағыты – орталық көру үшін жауап беретін торлы қабықтың макулярлық аймағының ісінуімен сәтті күресуге мүмкіндік беретін ангиогенез ингибиторларын қолдану. Бұл ем жасқа байланысты макулодистрофия, диабеттік ретинопатия және т. б. бар науқастар үшін тиімді болуы мүмкін.

Циклоскопия – көз түбінің перифериясын тексеру, сондай-ақ лазерлік операциялар – торлы қабықтың коагуляциясы, иридотомия, қайталама катаракта дисцизиясы жүргізіледі.

Бөлімшені көпбейінді клиникада орналасуы ілеспе жалпы аурулар болған жағдайда пациенттерге қосымша тексерулер мен консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Бөлімше дәрігерлері

Кульбака Сергей Александрович
Бөлімше меңгерушісі
Медицина ғылымдарының докторы
Жоғары санат
Курмангалиева Мадина Маратовна.jpg Мадина Маратқызы Құрманғалиева
Бас офтальмолог
Медицина ғылымдарының докторы
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 30 жыл
Молдашева Гульфайрус Жанахметовна.JPG Гульфайруз Жанахметқызы Молдашева
Офтальмолог дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 32 жыл
Джалмагамбетова Алия Тлеулиевна.jpg Әлия Тілеуліқызы Жалмағамбетова
Офтальмолог дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 25 жыл

Аурухана серіктестері