Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Диабеттік аяқ орталығы

Диабеттік аяқ орталығы

Диабеттік аяқ – қантты диабеттің ауыр асқынуларының бірі. Ол ойықжаралар, сүйектер мен буындардың зақымдануы, терінің сезімталдығының жоғалуы түріндегі аяқтың патологиялық өзгерістерімен сипатталады. Уақтылы емделмеген жағдайда бұл асқыну аяқ-қолдың ампутациясына әкелуі мүмкін.

Жаңа диабеттік аяқ орталығының негізгі қызметі – аяқ артерияларының созылмалы аурулары бар адамдарда жоғары ампутацияның алдын алу.

Біздің орталыққа амбулаториялық-консультациялық қызмет, стационарлық бөлімше және заманауи ангиографиялық операциялық бөлме кіреді.

Амбулаториялық-консультациялық бөлімшеде:

  • эндокринолог консультациясы;
  • невропатолог консультациясы;
  • қантамыр хирургінің консультациясы;
  • ірің хирургінің консультациясы;
  • травматолог-ортопед консультациясы;
  • аяқ қантамырларын ультрадыбыстық дуплексті сканерлеу;
  • аяқ артерияларының қан ағымын бағалау үшін контрастты компьютерлік томография;
  • диагнозды растау және одан әрі емдеу көрсеткіштерін анықтау үшін қажет басқа да аспаптық және зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Орталықта диабеттік аяқ синдромы бар пациенттерді емдеудің кешенді көпсалалы тәсілі жүзеге асырылды. Бір пациентті емдеуге қантамыр хирургі, эндокринолог, кардиолог, невропатолог, хирург, травматолог-комбустиолог, рентгенологтың қатысуымен дәрігерлер тобы тартылады. Бұл тәсілмен пациенттер барлық қажетті медициналық көмекті емдеуші дәрігердің бақылауымен бір жерде алады. Сонымен қатар, орталықта ойықжараларды хирургиялық өңдеудің заманауи әдістері қолданылады: ультрадыбыстық кавитация, вакуумдық терапия, аяқтың ауқымды жара ақауларын жабу үшін фибробласт трансплантациясы. Көпсалалы стационарда орналасуына байланысты Орталықтың ауыр қосарласқан патологиясы (коронарлық артериялардың клиникалық маңызды зақымдануы, созылмалы гемодиализ және т.б.) бар пациенттерге көмек көрсету мүмкіндігі бар.

Пациенттерге арналған стационарлық бөлімшеде пациенттерді аяқ-қолды сақтауға бағытталған қантамырлық араласуларды, сондай-ақ қан айналымының бұзылуы нәтижесінде аяқ-қолдарда қалыптасқан тіндік ақауларды емдеуге ықпал ететін операциялар мен манипуляцияларды орындамас бұрын тексеру және емдеу жүргізіледі.

Операциялардың келесі түрлері орындалады:

  • аяқ артерияларын шунттау;
  • аяқ артерияларындағы эндоваскулярлық араласулар (баллонды ангиопластика және стенттеу): қан айналымын жақсартудың заманауи аз жарақаттайтын (аз инвазивті) әдісі;
  • гибридті қантамырлық реконструкциялар (бір клиникалық эпизодтағы ашық және эндоваскулярлық тәсілдердің үйлесімі);
  • ауқымды трофикалық жараларды жабу үшін фибробласттарды аллотрансплантациялау.

Білу маңызды!

Қантты диабетпен ауыратын адамдар қажетті медициналық көмекті уақтылы алу үшін аяқтарының жағдайын үнемі тексеріп отыруы керек. Аяқтың тіндері мен сүйектерінің зақымдануын ерте анықтау гангренаның даму қаупін азайтады және 85 пайызға жуық жағдайда аяқтың ампутациясын болдырмайды.

Диабеттік аяқ орталығының басшысы қантамыр хирургі Абылай Әбілқайырұлы Сейітқалиев

Қантамыр хирургі Талғат Әлиханұлы Сәрсембаев

Қантамыр хирургі Альберт Русланұлы Қыдыралиев  

Қантамыр хирургі Тимур Нәсіпбайұлы Ескендіров

Хирург Айдын Рахманғалиұлы Омарқұлов

Травматолог-комбустиолог Әнуарбек Лесбекұлы Кулчаров

Эндокринолог Жанмедет Жанкелдіұлы Шиман



Аурухана серіктестері