логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Гастроэнтерология және гепатология орталығы

Гастроэнтерология және гепатология орталығы

ҚР ПІБ МО ауруханасы базасында гастроэнтерология және гепатология орталығы (ГжГО) жұмыс істейді. Орталық ас қорыту органдарының ауруларын, соның ішінде бауыр мен өт жолдарының патологиясын диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға бағытталған.

Аурухана базасында ең заманауи әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, клиникалық диагнозды анықтау үшін барлық қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері қолдананылады. Пациенттер амбулаториялық жағдайда да, күндізгі және тәуліктік стационарда да емделеді.

Пациенттерді көпсалалы тәсілмен емдеу үшін ГжГО МОА-ның барлық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды. Пациенттерді барынша тиімді емдеуді қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер: диетологтар, эндокринологтар, кардиологтар, дерматологтар, гематологтар, невропатологтар, психотерапевттер, онкологтар, хирургтар, морфолог дәрігерлер мен генетиктер және т.б. тартылады.

Пациент республикалық бюджет (тіркелген контингент) бойынша немесе ақылы негізде консультация немесе стационарлық көмек ала алады.

ҚР ПІБ МОА білікті медициналық персоналы сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қамтамасыз етеді.

Орталықтың қызметтері:

  • ҚР ересек тұрғындарына және шетел азаматтарына жоғары білікті консультациялық-диагностикалық амбулаториялық көмек көрсету;
  • Асқазан-ішек жолдарының және гепатобилиарлы жүйенің түрлі аурулары бойынша ересек пациенттерге стационарлық және стационарды алмастыратын (күндізгі стационар) көмек көрсету;
  • «Check Up» бағдарламасы бойынша пациенттерді қысқа мерзімді кешенді тексеру:
    1. «Сау бауыр»,
    2. «Асқазан мен ішек – организмнің айнасы»,
    3. «Семіздік және метаболизмдік синдром».

«Check up» емхана жағдайында да, тәуліктік стационарда да өткізіледі.

ГжГО айналысатын негізгі асқазан-ішек ауруларының тізімі:

  1. Дисфагия. Кардия ахалазиясы. Өңеш дискинезиясы. Өңеш дивертикулы;
  2. Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы. Өңештің пептикалық ойықжарасы. Өңеш эрозиясы. Баррет синдромы;
  3. Функциялық диспепсия. Абдоминальдік ауырсыну синдромының дифференциалды диагностикасы;
  4. Созылмалы гастрит. Дуодениттер. Гастропатия. Hр инфекциясы;
  5. Асқазан мен ұлтабар ойықжарасы. Ойықжара ауруының асқынуы;
  6. Созылмалы панкреатиттер. Ұйқыбездің басқа аурулары. Дифференциалды диагностика;
  7. Билиарлы жүйенің дискинезиясы: өт қабының және Одди сфинктерінің дисфункциясы;
  8. Ішектің қабыну аурулары: ойықжаралы колит, Крон ауруы;
  9. Энтероколиттер. Ішек диспепсиясының дифференциалды диагностикасы;
  10. Мальабсорбция және мальдигестия синдромы. Глютен энтеропатиясы;
  11. Созылмалы іш қату. Тітіркенген ішек синдромы.

ГжГО айналысатын бауыр мен өт жолдарының негізгі ауруларының тізімі:

  1. Әртүрлі генездегі созылмалы гепатиттер;
  2. Бауырдың метаболизммен байланысты май ауруы;
  3. Әртүрлі генездегі сарыауру;
  4. Әртүрлі этиологиядағы бауыр фиброзы және циррозы;
  5. Бауыр циррозының асқынулары: бауыр энцефалопатиясы, ӨВКТ-дан қан кету, ісіну-асциттік синдром, порталдық гипертензия, гепатореналдық синдром;
  6. Бастапқы билиарлы холангит және цирроз;
  7. Қайталама билиарлы холангит және бауыр циррозы. Бастапқы холангит;
  8. Өт-тастық ауру. Холециститтер. Постхолецистэктомиялық синдром;
  9. Жинақтау аурулары: гемохроматоз, гепатолентикулярлық дегенерация, порфириялар, амилоидоз;
  10. Бауыр тамырларының аурулары. Қақпа венасының тромбозы. Қақпа венасының тромбофлебиті. Бадда-Киари ауруы және синдромы. Крювелье-Баумгартен синдромы.

ГжГО жағдайында жүргізілетін эндоскопиялық диагностикалық қызметтер:

  1. Биопсиямен видео ЭГДС,
  2. Нр анықтаудың экспресс әдісі,
  3. Биопсиямен видеоколоноскопия,
  4. Биопсиямен эндоскопиялық энтероскопия,
  5. Эндо видеокапсулалық эндоскопия,
  6. Эндо видео-ультрадыбыстық зерттеу,
  7. Холедохоскопия,
  8. Зерттеу сапасын жақсарту үшін тар спектрлі жарықта эндоскопиялық диагностика,
  9. Пациенттер үшін рәсімді ыңғайлы жүргізу үшін эндоскопия кезінде көмірқышқыл газын пайдалану,
  10. Морфологиялық верификациямен ас қорыту жүйесінің сілемейлі және сілемейқабықасты түзілімдерінің резекциясы және диссекциясы

ГжГО жағдайында жүргізілетін эндоскопиялық емдеу қызметтері:

  1. Асқазан-ішек жолдарының қабыну ауруларын және қан кетулерді эндоскопиялық емдеу,
  2. Ас қорыту жолдарынан бөгде заттарды алу,
  3. Ас қорыту жолдарынан бөгде заттарды алу,
  4. Асқазан-ішек жолдарының онкологиялық аурулары кезіндегі фотодинамикалық терапия,
  5. Асқазан-ішек сілемейінің қатерсіз түзілімдерін органдық-плазмалық емдеу,
  6. Өңештің баллондық кеңеюі және сүмбілеуі,
  7. Ас қорыту жолдары бойынша және билиарлық жолдарға стенттер орнату,
  8. Асқазан-ішек жолдарының қатерсіз түзілімдерін жою,
  9. Порталдық гипертензия кезінде өңеш веналарын байлау,
  10. Перкутанды гастростоманы эндоскопиялық орнату.


Аурухана серіктестері