Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиника дәрігерлері Қостанай қаласында пациенттерді тегін қабылдайды

  21.02.2022
«Менің сүйікті дәрігерім» көшпелі акциясы аясында Президенттік клиниканың дәрігерлері Қостанай қаласында пациенттерді тегін қабылдайды:
  • Берік Қайкенов – ангиохирург;
  • Шалқар Смагулов – аритмолог;
  • Ерлан Денеев – кардиохирург.

Мекенжайы: Қостанай облыстық ауруханасы

Қабылдау күні және уақыты:
• 24 ақпан: 11:00 - 17:00;
• 25 ақпан: 09:00 - 17:00.

Консультациялық қабылдауға пациенттің келесі құжаттары болуы керек:
  • Жеке басын куәландыратын құжат;
  • кардиохирургтің қабылдауына: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/КТ дискісі;
  • аритмологтың қабылдауына: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы;
  • Ангиохирургтың қабылдауына: тамырлардың УДДГ, КТ немесе аортография дискісін алып келуі керек.

Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін Қостанай облыстық ауруханасына хабарласыңыз.

Аурухана серіктестері