Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПЭТ/КТ зерттеулері уақытша тоқтатылды

  12.03.2021
Зерттеуге қажетті радиофармпрепараттың жеткізілуінің тоқтауына байланысты, Президенттік клиниканың Ядролық медицина бөлімінде ПЭТ/КТ зерттеулерін жүргізу уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлаймыз.

«University Medical Center Республикалық диагностикалық орталық» корпоративтік қорындағы циклотрондық кешен осы препараттарды, атап айтқанда 18 FDG – фтордезоксиглюкозды өндіруге жауап береді. Өкінішке орай, техникалық себептерге байланысты бұл кешен жұмыс істемейді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Циклотрондық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Бұл дегеніміз, Президенттік клиника онкологиялық және әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау мен емдеудің кең спектрін көрсету үшін үздіксіз 9 радиофармпрепарат шығара алады және осындай жағдайлардың туындауын болдырмайды.

Жаңалықтарға қарап отырыңыз! Біз міндетті түрде зерттеудің қайта басталғаны туралы хабарлаймыз.

posts IG 2-11.png


Аурухана серіктестері