Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

COVID-19-ға ПТР анализ нәтижелерін онлайн алу.

  14.09.2020

Біз Сізге анализ  нәтижелерін, соның ішінде коронавирустық инфекцияға ПТР анализ нәтижелерін онлайн режимінде алуға болатындығын хабарлаймыз. Сізге бар болғаны:

1. Президенттік клиниканың тіркеу орнына келіп, өзіңіздің аты-жөніңізді, әкеңіздің атын, ЖСН және телефон нөміріңізді айтып, жеке деректеріңізді жаңарту;

2. "e-Presidentialhospital.kz" мобильді қосымшасын жүктеу, App Store және Play Market-те қол жетімді;

3. Өз деректеріңізді пайдалана отырып, осы қосымшаға тіркелу және анализдердің нәтижелерін білу керек.

Сонымен қатар, Сіз анализ нәтижелерін QR-кодты қалыптастыру функциясы бар Egov Mobile қосымшасынанда да көре аласыз.

Сонымен бірге,  2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Президенттік клиникада коронавирустық инфекцияға ПТР анализ жасайтын анализ алу пункті жұмыс істейтінін де еске саламыз.

Анализ алу пункті дүйсенбіден сенбіге дейін 8.00-ден 20.00-ға дейін жұмыс істейді:

  • 8:00 - 13:00: материал алу
  • 13:00 - 14:00: орынжайды дезинфекциялау
  • 14:00 - 19:00: материал алу
  • 19:00 - 20:00: орынжайды дезинфекциялау

Анализ алу пункті F блогта орналасқан. Ол жерге В1 блогы жағынан кіруге болады.

Тест кезек тәртібінде өткізіледі. Тест құны - 10 000 теңге.

Толық ақпарат алу үшін 8 (7172) 70-80-90 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Біздің аккаунтымызға жазылыңыз, жаңалықтарды қадағалаңыз және өз денсаулығыңызды тек кәсіпқойларға сеніп тапсырыңыз!

НОВОСТИ. ИНСТАГРАМ.png


Аурухана серіктестері