Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

СЛОВАКИЯ НЕВРОЛОГЫ АЗАТ ШПЕКОВПЕН БІРГЕ ПАРКИНСОН АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН ПАЦИЕНТТЕРДІ ТЕГІН ҚАБЫЛДАЙДЫ

  28.01.2020

IMG-20190711-WA0040.jpg

Қабылдау алдын ала жазылу қағидаты бойынша 2020 жылдың 5-7 ақпаны аралығында Президенттік клиникада жүргізіледі.

Матей Сковарнек – Еуропаның болашағы зор жас неврологтарының бірі: ол қазіргі уақытта Луи Пастер атындағы университеттік аурухананың қозғалыс бұзылыстары бойынша неврология департаментін басқарады, сондай-ақ, Словакиядағы Сафарик атындағы университтің медицина факультетінің неврология кафедрасының доценті.

5-7 ақпан аралығында доктор Сковарнек Қазақстанның жетекші нейрохирургтарының бірі - Азат Шпековпен бірге қозғалыс жүйесі бұзылған, Паркинсон ауруы, дистония және треморы бар барлық тілек білдірушілерді тегін қабылдау жүргізеді.⠀

Консультация сұрақтары бойынша келесі телефондарға хабарласыңыздар: 8 (702) 355 85 55⠀

Тегін қабылдау 5 және 6 ақпан сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліспен, 7 ақпан 9:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 80 (Е495), 6 қабат, 23 кабинет мекенжайы бойынша ҚР ПІБ МО Ауруханасында өткізіледі.⠀

Өзімен бірге МРТ зерттеу нәтижелері болуы керек.



Аурухана серіктестері