2019 жылғы 25-29 қарашада ҚР ПІБ МОА мамандарына арналған жетекші шетелдік маман «3Д және 4К визуализациясы жағдайындағы лапароскопиялық урология» тақырыбында шеберлік-класс өтеді
2019 жылғы 25-29 қарашада ҚР ПІБ МОА мамандарына арналған жетекші шетелдік маман – лапароскопиялық хирургияны оқыту жөніндегі халықаралық тренинг-орталығының басшысы, Тбилиси қ. "MediClubGeorgia" клиникасының профессоры Давид Николейшвилидің (Грузия) қатысуымен «3Д және 4К визуализациясы жағдайындағы лапароскопиялық урология» тақырыбында шеберлік-класс өтеді.

Ғылыми дәрежесі: медицина ғылымдарының кандидаты, медицина докторы (MD., PhD.)
Иемделген гранттары мен дәрежелері:
2005 ж., 2008 ж. – Америка-австриялық қор гранты (AAF), бір айлық тағылымдама. Линц, Австрия (1 ай);
2006 ж. – уролог мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді. «Простата обыры және қатерсіз гиперплазия кезінде жасушалардың бөліну циклін реттейтін протеиндердің мәні»;
2007 ж. - 2009 ж. – лапароскопиялық хирургияны зерттеуге арналған урологтардың сколаршип еуропалық бағдарламасының гранты (EUSP). Лейпциг Университетінің униклиникасының урологиялық бөлімі, халықаралық урологиялық лапароскопиялық тренинг-орталығы. Лейпциг, Германия (4 ай-6 ай);
Доктордың маманданған саласы:
- онкологиялық урология;
- лапароскопия;
- эндоскопиялық урологиялық хирургия;
- несеп-тас ауруларын аз инвазиялық жолмен емдеу;
- жаңа технологиялар.
Бағдарлама:
«Простата обырын алғаш диагностикалау».
«Бүйрек обырын хирургиялық жолмен емдеу»
«Несепқуықтың беткейлік обырының трансуретралық резекциясы»
«Простата обырын хирургиялық жолмен емдеу» -
тақырыптарына арналған дәрістер.
Практикалық дағдылар:
Операция бөлмесінде жұмыс істеу. «3Д және 4К визуализациясы жағдайында лапароскопиялық радикалды нефрэктомия» урологиялық пациентке хирургиялық әдісті бірге қолдану.
Операциядан кейінгі және дейінгі пациенттерді бірге қарап-тексеру
Проблемалық мәселелерді талқылау және талдау. Шеберлік-класс тыңдаушыларына сертификаттарды табыстау.