логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Пациенттер назарына!

  01.10.2024
Пациенттер назарына!

7 қазан күні ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында Түркияның Liv клиникасының профессорлары, халықаралық дәрежедегі онколог Мұрат Айхан мен торокальді хирург Аднан Сайяр пациенттерді тегін қабылдап, кеңес береді. 

Мұрат Айхан – еуропалық және түркиялық онкология қауымдастығының мүшесі. Ол сүт безі, өкпе, тоқ ішек, гинекологиялық және зәр-жыныс, молекулярлық қатерлі ісікке, сонымен қатар иммундық, гормондық терапия және химиотерапия салаларына маманданған. 

Аднан Сайяр – 20 жылдан астам тәжірибесі бар торокальді хирург. Жоғары санатты профессор өкпе ісігі, кеңірдек ауруларын хирургиялық жолмен емдеу, өкпе трансплантациясы, өкпе биопсиясы, пневмоторакс, көкетті, өкпеқап ауруларын хирургиялық жолмен емдеумен айналысады. 

Дәрігерлердің қабылдауына жазылу үшін мына нөмірге хабарласыңыз: 
+77012884343 – Раушан
Мекенжай: Мәңгілік Ел даңғылы, 80, F блок, 14-кабинет



Аурухана серіктестері