логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Елордада «Медицинадағы сапа мен инновацияның әлемдік стандарттары: Қауіпсіздікке назар аудару» конгресі өтеді

  02.09.2024
Елордада «Медицинадағы сапа мен инновацияның әлемдік стандарттары: Қауіпсіздікке назар аудару» конгресі өтеді

2024 жылғы 19-20 қыркүйекте Астана қаласында ҚР ПІБ МО ауруханасының ұйымдастыруымен «Медицинадағы сапа мен инновацияның әлемдік стандарттары: Қауіпсіздікке назар аудару» салааралық конгресі өтеді.

Іс-шара ДДСҰ жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және «INTERNIST» Біріккен қоғамының қолдауымен гибридті форматта өткізетін Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күніне орайластырылғанын айта кеткен жөн.

Конгрестің мақсаты – тәжірибе алмасу, күрделі клиникалық жағдайларды, пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді зерделеу. Сонымен қатар сарапшылар, дәрігерлер, провизорлар мен мейірбикелердің басын қосып, дәрілік, инфекциялық және радиациялық қауіпсіздік мәселелерін талқылау да басты назарда болмақ.  

Конгресс шеңберінде инфекциялардың алдын алу, бақылау және емдеу, сондай-ақ ауруханаларда инфекциялық бақылау қызметін ұйымдастыру мәселелері сөз болады. Іс-шарада иондаушы сәулеленумен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің және пациенттердің радиациялық қауіпсіздігі мәселелері де қаралады.

Іс-шараға төмендегі сілтеме арқылы тіркеле аласыз:

https://events.regist.kz/set_language.php?lang=kz&get=event.php?id=18



Аурухана серіктестері