Алматыда 14-15 наурыз 2024 жылы «United Medical Tourism Expo» медициналық туризм көрмесі өтеді.
Көрме Израиль, Оңтүстік Корея, Түркия және өзге де әлемнің көптеген елдерінің медициналық мекемелерін біріктіреді.
ҚР ПІБ МО ауруханасы медицинкалық қызметтерін ұсынады, ал білікті мамандар барлық сұрағыңызға жауап береді.
«United Medical Tourism Expo» – бұл білім мен тәжірибе алмасу үшін мамандарды, клиникаларды және пациенттерді біріктіре отырып, медициналық туризмнің соңғы тенденцияларын ұсынуға арналған бірегей медициналық іс-шара. Іс-шара денсаулығын жақсартуға және бүкіл әлем бойынша ең жақсы медициналық шешімдерді табуға ұмтылатындар үшін әртүрлі білім, инновация және мүмкіндіктер береді.
Көрмеге әлемнің 17-ден астам елінен 50-ден аса клиника мен медициналық мекеме, оның ішінде ҚР ПІБ МО ауруханасы қатысады, онда пациенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын өз қызметтерін ұсынады.
Көрме медициналық туризм саласындағы 30-дан астам жетекші сарапшыға өз білімі мен тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік береді.
Келушілер әртүрлі елде ұсынылатын ең жақсы емдеу әдістері туралы біле алады және олардың денсаулығы үшін ең жақсы нұсқаларды таңдай алады.
Клиникалар мен денсаулық сақтау мекемелері өз қызметтерін ұсынады, бұл пациенттерге емдеудің ең жақсы жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
«United Medical Tourism Expo» – бұл келушілер үшін денсаулығын нығайтып қана қоймай, медицина саласындағы ой-өрісін кеңейту мүмкіндігі.
Білім мен тәжірибе алмасу үшін медициналық туризм, клиника және пациенттердің соңғы тенденцияларын көруге шақырамыз.
«United Medical Tourism Expo» Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 44 мекенжайындағы «Қабылдау үйінде» өтеді.
Қатысу ақпаратын келесі телефон нөмірі арқылы білуге болады: +905368106898 (WhatsApp)