Паркинсон ауруы бар пациенттер форумы
14.04.2023

ҚР ПІБ Медициналық oрталығының ауруханасында 15 сәуір 2023 ж. сағат 09:30-да ПАРКИНСОН АУРУЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР ФОРУМЫ өтеді. Форумда Аурухананың нейрохирург, диетолог, невролог-паркинсонолог, психолог және оңалтушы дәрігерлері аурудың белгілерін анықтау, күресу және емдеу шаралары туралы шеберлік сабақтарын өткізіп, баяндамалар оқиды. Сондай-ақ Аурухана жанындағы Паркинсон мектебінің емделушілері өз оқиғаларымен бөлісіп, аурумен күрес жолында кеңестерін ортаға салады.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 705 764 64 16 нөміріне хабарласуға болады.