РЕЗИДЕНТУРАҒА ТАПСЫРАТЫНДАР ҮШІН ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті «Қазақстан Республикасы Президентінің ІсБасқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК РЕЗИДЕНТУРАСЫНА түсуге үміткерлер!
Аурухана резидентураға түсушілердің құжаттарын ақылы негізде келесі білім беру бағдарламалары бойынша қабылдайды:
7R01102 «Медициналық генетика»
7R01103 «Урология және андрология ересектердің, балалардың»
7R01104 «Кардиология ересектердің, балалардың»
Резидентураға жоғары білім мен интернатураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 03-25 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Резидентураға түсу емтихандары 2022 жылғы 08-16 тамыз аралығында болады.
100 баллдан кемінде 75 балл жинағандарды түсу емтиханы қорытындысы бойынша резидентураға қабылдау 2022 жылғы 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Резидентурада бір жылдық оқу құны 1 020 000 теңге.
Құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е 495 көшесі, 2-ғимарат, F блогы, 4-қабат, 1-кабинетте сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-14.00) күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін қабылданады. Байланыс телефоны: 8 (7172) 70-79-52.