+7(7172) 70-80-90

Президенттік клиникаға 24 жыл!

Президенттік клиника 1997 жылы 29 желтоқсан күні елордамыздың ауысуына байланысты ашылған болатын. Осынау жылдар аралығында клиникамыз еліміздің түрлі өңірлерінен келген мыңдаған қазақстандықтарға, сондай-ақ жақын және алыс шетелден келген қонақтарға қызмет көрсетіп келеді. Жаңа әдістер, заманауи технологиялар, мықты дәрігерлерден құралған команда, халықаралық стандарттар бойынша емдеу - осының бәрі Президенттік клиниканың денсаулық сақтау саласында көшбасшыға айналуына мүмкіндік берді.

Президенттік клиника ұжымын Аурухананың негізі қаланған күнмен құттықтаймыз! Сіздерге амандық, тұрақтылық, денсаулық, күш-қуат тілейміз, Ауруханамыз бен пациенттеріміздің игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға қажыр-қайрат тілейміз!