Үздіктерді марапаттау. Президенттік клиникада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
15.12.2021
Президенттік клиникада мереке қарсаңында мерейтойлық медальға ие болған үздік қызметкерлерді марапаттады. Клиника директоры Валерий Бенберин Ауруханамыздың медицина қызметкерлерінің халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту арқылы мемлекеттің қалыптасуына қосқан ерекше үлесін атап өтті.
Марапаттау рәсімінен басқа, Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті. Президенттік клиниканың талантты қызметкерлері өздерінің шығармашылық қырларын паш етіп, қошеметке ие болды.