Президенттік клиникада Covid-19 иммунопрофилактикасы бойынша семинар өтті
19.11.2021
ҚР ПІБ Медициналық орталығының бас санитарлық дәрігері Айгүл Темірғалиева емхананың учаскелік қызметіне Covid-19 иммунопрофилактикасы – Pfizer (comirnaty) ревакцинациясы бойынша семинар өткізді. Семинарда ҚР ПІБ Медициналық орталығының бас санитарлық дәрігері ревакцинация жүргізудің ерекшеліктері, Pfizer(comirnaty) вакцинасын сақтау және қолдану шарттары туралы әңгімеледі. Президенттік клиниканың дәрігерлері ревакцинацияға қатысты проблемалық мәселелерді талқылады.