Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Бүгін клиникамызда есту қабілетін жақсартуға бағытталған операция жасалды

  10.09.2021

Фиолетовая и Белая Новости Instagram Публикация.jpg

Бүгін тимпанопластиканың көмегімен, ұзақ уақыт бойы есту қабілетінің бұзылуынан зардап шегіп, құлағынан ірің ағып келген пациенттің денсаулығы қайта қалпына келтірілді. Бұл операция ортаңғы құлақтың бұзылған элементтерін, нақтырақ айтқанда құлақ жарғағын, есту сүйекшелерінің тізбегін, есту түтігін және жарғақ қуысын қалпына келтіруге бағытталған.


Ол жалпы наркозбен, құлақтың сыртқы есту жолдары арқылы жасалады. Операция үлкен дәлдікті қажет етеді және микроскоппен жасалады. Операция әдетте мирингопластикамен аяқталады (құлақ жарғағының тесігін жабуға бағытталған операция).
Аталған құлақ жарғағын қалпына келтіру бойынша есту қабілетін жақсартатын операцияны дәрігер-оториноларинголог Арман Кәкімжанұлы Нагуманов операциялық емдеудің onlay атты заманауи технологиясымен жасады.


Біздің Аурухана түрлі лор-патологиясы бар пациенттерге жоспарлы түрде де, сондай-ақ шұғыл түрде де мамандандырылған көмек көрсетеді.

 
Айта кету керек, клиниканың технологиялық жабдықтары ортаңғы құлаққа бір текше сантиметр көлемдегі бірегей операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Операцияның бұл түрі тіпті есту мүкістігі асқынған жағдайда да оны қайта қалпына келтіруге көмектеседі.

Пациентімізге тезірек сауығып кетуін және мықты денсаулық тілейміз.


Аурухана серіктестері