+7(7172) 70-80-90

Президенттік клиника мен Кюри институты арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін, 2021 жылғы 19 шілдеде Президенттік клиника мен Кюри институты арасында Өзара келісім туралы меморандумға қол қойылды.

2021 жылғы 1 маусымдағы Кюри институты мен ҚР-дағы Франция Елшілігі өкілдерінің ресми сапарының жалғасы ретінде, онкология және онымен байланысты бағыттар саласында ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы шеңберінде меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою кезінде:
  • Пьер Анхури - Кюри институтының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры
  • Александра Тиркюир-Менс - ҚР-дағы Франция Елшілігінің мәдениет мәселелері жөніндегі атташесі
  • Адель Абенова – «ФСПИ Қазақстан-Өзбекстан денсаулығы» жауапты тұлға
  • Зәуреш Мұхаметжанова - аудармашы
Сондай-ақ, Президенттік клиниканың қызметкерлері:
  • Ермағамбет Қуатбаев - директордың хирургия жөніндегі орынбасары
  • Насрулла Шаназаров - директордың ғылым және даму стратегиясы жөніндегі орынбасары
  • Андрей Авдеев - стратегиялық және инновациялық даму бөлімінің бастығы
  • Құралай Асылбекова - медициналық туризм, маркетинг және жарнама бөлімі бастығының міндетін атқарушысы қатысты.
Кюри институтымен меморандумға қол қою және ынтымақтастық орнату - Президенттік клиникада онкология бағытын дамыту, сондай-ақ Қазақстан халқына медициналық көмек көрсетуді арттырудағы маңызды қадам болмақ!

92.jpg