Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиникада Александр Александровтың қатысуымен тәлімгерлік бағдарламасы өтті

  30.04.2021
Президенттік клиникада 2021 жылғы 19-30 сәуір аралығында ВИАЛЕК компаниялар тобының президенті, Еуропалық сапа ұйымының (EOQ) басқару жүйелерінің жетекші аудиторы, дәрілік заттар айналымы саласындағы процестерді ұйымдастыру жөніндегі халықаралық сарапшы, Орталық Азия өңіріндегі тиісті практикалар бойынша USP консультанты Александр Александровтың қатысуымен тәлімгерлік бағдарламасы өтті.

Александр Владимирович келесі тақырыптар бойынша дәрістер өткізді:
  • «GMP/GDP стандарттары бойынша өндірістегі құжаттаманы басқару. Фармацевтикалық сапа жүйесін енгізу»;
  • «Фармацевтикалық өндірістегі микробиология негіздері. Тазалау валидациясы және аналитикалық әдістемелердің валидациясы».
Президенттік клиника қызметкерлері үшін осы тәлімгерлікті өткізудің мақсаты радиофармпрепараттарын өндіру және Good Manufacturing Practice (GMP) қағидаларын ұстану бойынша фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру болып табылады.

Клиникада Циклотрондық-өндірістік кешен құрылысы бойынша ауқымды жоба іске қосылғанын еске саламыз. Бұл кешенде қиын диагностикаланатын онкологиялық ауруларды, сондай-ақ бас миы мен жүрек-тамыр жүйесі ауруларын диагностикалау үшін бірқатар радиофармпрепараттар өндірілетін болады.

posts IG 2-5.png


Аурухана серіктестері