ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов QAZVAC вакцинасының бірінші компонентін салдырды
27.04.2021
26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының №9 емханасында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген COVID-19-ға қарсы әсерсіздендірілген вакцина - QAZVAC препаратының бірінші компонентін салдырды.