Патогистология
16.02.2021
Дәрігерлер алдымен биопсия жасайды. Мұны операция барысында немесе жеке манипуляция түрінде жасауға болады.
Болжамды ауырған жерден тіннің бір бөлігін алу өте маңызды. Мысалы, адамның терісінен.
Осыдан кейін дәрігер-патологоанатом микроскоп арқылы зерттеу үшін алынған тіннің бөлігімен дайындық манипуляциясын жүргізеді.
Зерттеу нәтижесінен кейін барлық жағдайды нақты көруге болады.
Дәрігер-патологоанатомдар тіндерді патологиялық ауытқулардың болу-болмауына мұқият зерттейді.
Қатерлі ісік немесе аутоиммундық аурулар сияқты аурулар кезінде біздің ағзамыздың тіндері өзгеріске ұшырайды: жасуша пішіні, құрылымы және сыртқы ортасы, сондай-ақ жасуша түрі мен мөлшері.
Дәрігер-патологоанатомдар дәл осындай өзгерістерді табады. Олар білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, нақты диагноз қояды. Бұл өз кезегінде науқасқа көмектесе алады.