Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Созылмалы циститпен ауыратын әйелдерде қуық лейкоплакиясын хирургиялық емдеу тәжірибесі» ғылыми зерттеуі туралы

  24.11.2020

Медицинаның маңызды аспектісі - ғылыми прогресс екені белгілі. Диагностика мен емдеудің барлық жаңа әдістері  - бұл медицинаның осы немесе басқа да бөлімдеріндегі зерттеулердің нәтижесі болып табылады. Және де дәрігерлер -  өз тәжірибесіне, кәсібилігі мен біліміне сүйене отырып, осындай зерттеулер жүргізетін адамдар болып табылады.

Мәселен, Президенттік клиникада ғылымды насихаттаушылар ол - дәрігер-уролог  Ерлан Енсебаев пен Жақсыбай Байгаскинов болып табылады. Осы жылы олар «Урологиялық ведомости» ғылыми журналында қуық лейкоплакиясын емдеудің бір әдісі туралы мақала жариялады: «Созылмалы циститпен ауыратын әйелдерде қуық лейкоплакиясын хирургиялық емдеу тәжірибесі».

Бүгін біз сіздерге қуықтың лейкоплакиясы туралы және Президенттік клиникада жүргізілген зерттеулер туралы әңгімелейтін боламыз!

86.png

Сіз білесіз бе?

  •  7 әйелдің 1-інде созылмалы жамбас ауруы синдромы бар.
  •  Созылмалы ауруы бар 177 әйелдің 114-інде қуықтың лейкоплакиясы (ҚЛ) табылған.

ҚЛ дегеніміз не?

ҚЛ – бұл қуықтың ішкі қабырғалары өз құрылымын өзгертетін процесс. Сондай-ақ, қабырғалардақабыршықтану белгілері пайда болады: тексеру кезінде сіз қабыршықтарды көре аласыз.

Нәтижесінде қуықтың қабырғаларын зәрден «қорғайтын» қабат жоғалады. Пациентте:

  • зәр шығару симптомының бұзылуы;
  • зәр шығару және жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну пайда болады

Бұл қалай емделеді?

Консервативті терапия мыналардан тұрады:

  • бактерияға қарсы,
  • қабынуға қарсы,
  • иммунды корригациялық терапия,
  • гиалурон қышқылы препараттарының қабыршық ішілік инстилляциясы.

Алайда, консервативті терапия  тиімді емес.

Сондықтан емдеудің негізгі әдісі хирургиялық болып табылады. Соңғы кезде медициналық қауымдастықты қызықтырған әдіс - лазерлік емдеу әдісі.

Президенттік клиникадағы ғылыми зерттеулер туралы

Президенттік клиниканың дәрігерлері 28 әйелдің арасында қуық лейкоплакиясының лазерлік абляция әдісін бағалау бойынша зерттеу жүргізді. Барлық емделген пациенттерде барлық симптомдардың айтарлықтай жақсаруы байқалған. 6 айдан кейін қуық қабырғаларының толық қалпына келгендігі көрінді.

Бұл зерттеу лазерлік абляция қуық лейкоплакиясын емдеудің тиімді және қауіпсіз әдісі екенін көрсетті.

IG posts_BMC-10.png


Аурухана серіктестері