Президенттік клиниканың бірегей эндоскопиялық зерттеулері
Президенттік клиниканың диагностикалық блогы кең спектр бойынша, оның ішінде эндоскопиялық қызмет көрсетеді. Эндоскопия бөлімінде біздің дәрігерлеріміз ең қарапайым «қатардағы» эндоскопиялық емшаралардан бастап, тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ТМД елдерінде де жасалмайтын инновациялық зерттеулерге дейін жүргізеді. Аталған инновациялар, олардың қалай орындалатындығы туралы Президенттік клиниканың Эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Арсен Түсіпбаев айтып берді.
Сондай-ақ, елімізде 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне, сондай-ақ ҚР Бас санитарлық дәрігерінің барлық медициналық ұйымдарда карантиндік тәртіпті енгізуіне байланысты, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы карантинге жабылғанын еске саламыз.
Төтенше жағдай кезіндегі Президенттік клиниканың жұмыс тәртібі туралы ақпарат алу үшін біздің жаңалықтарымызды қарап, 70-80-90 нөмірі бойынша Call-орталығына хабарласыңыз.