Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қайырлы күн! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы елімізде 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты карантинге жабылды

  19.03.2020

Қайырлы күн! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы елімізде 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты карантинге жабылды.

Президенттік клиника санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейткенін және жаңа туындаған жағдайға байланысты жұмыс істеп жатқандығын естеріңізге саламыз:

* Аурухананың барлық өткізу пункттерінде өткізу режимі қатаңдатылды;

* 2020 жылғы 17 наурыз – 15 сәуір аралығында өңірлерден және ақылы негізде пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызу тоқтатылды;

* Пациенттерге кіруге тыйым салынды;

* Қызметкерлер үшін міндетті маска кию режимі енгізілді;

* Төтенше жағдай кезінде емхана, оның ішінде ақылы қызметтер бөлімшесі жабылды, сондай-ақ пациенттерді амбулаториялық қабылдау тоқтатылды;

* Лифтілерді, баспалдақ аралықтарын, дәліздерді, дәретханаларды және т.б. көп реттік санитариялық тазалау, орынжайларды жиі желдету жүргізіледі;

Сондай-ақ, Президенттік клиника шұғыл медициналық көмекті толық көлемде көрсетуді жалғастыруда.

Президенттік клиника ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің профилактика бойынша ұсыныстарын ұстануды ұсынады және төтенше жағдай кезінде Аурухана жұмысының жаңа ережелеріне түсіністікпен қарауды сұрайды.


Аурухана серіктестері