Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Экспортқа шығарылған тәжірибе. Президенттік клиниканың дәрігерлері Тәжікстанда алғашқы гибридтік операцияны орындады

  02.03.2020
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Тәжікстан Республикасының Республикалық жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығындағы әріптестеріне қан ағымын қалпына келтіру бойынша елдің клиникалық тарихындағы алғашқы гибридтік операциясын орындауға көмектесті, яғни ашық, дәстүрлі операцияны ангиографиямен ұштастырды.

Опыт на экспорт-1.jpg

Президенттік клиниканың тамырлық хирургі Берік Кайкенов былай дейді:

- Пациенттің жасы 42-де. 2 апта бұрын оның ішегіндегі мезентериалдық артерияларында тромбоз пайда болған. Гибридтік операция барысында науқастың ішектері ішінара алып тасталынды. Сонымен қатар, қалыпты тыныштық жағдайда да науқастың аяғы қатты ауырып жүрген (науқаста сол аяқтың шеті ишемиясының белгілері болған). Перидуральді анестезияның көмегімен (пациент есін біліп жатты) сан, тізе асты, сондай-ақ сирақ артерияларынан тромбтар алынып тасталды. Сол аяғынан тромбтарды алу сапасын бағалау және тамырлардың өтімділігіне көз жеткізу үшін операция интраоперациондық ангиографиямен толықтырылды.

Опыт на экспорт-2.jpg

Мұндай операциялар Президенттік клиникада біраздан бері жасалып жүрген әдеттегі операциялар қатарына жатады. Бұл операциялар тиімді, екінші операцияны күту қажеттілігі жойылады, себебі мұндай жағдайларда уақыт өте тығыз болуы мүмкін.  Ал тәжік дәрігерлері аталған операцияны Медициналық орталық ауруханасы дәрігерлерінің көмегімен алғаш рет орындап отыр.

Опыт на экспорт-3.jpg

Президенттік клиникадағы гибридтік операциялар бір жолға қойылған. Бірнеше ай бұрын Аурухана бипландық ангиографиялық кешеннің көмегімен гибридтік араласуларды орындауға мүмкіндік беретін жаңа операциялық жүйені іске қосты. Бүгінде бипландық ангиографиялық кешен әлемдік медицинада, көбінесе диагностикалық мақсатта және шағын тесіктер арқылы орындалатын шағын инвазиялық тамырішілік операциялар кезінде кеңінен қолданылып жүр.

Опыт на экспорт-4.jpg

- Мұндай операциялардың бірегейлігі – біздің дәрігерлеріміз бір уақытта тамырішілік, сондай-ақ бас және жұлынға, омыртқаға және кез-келген басқа органға ашық араласуларды жүргізеді. Әдетте, бірнеше кезеңде орындалатын операцияларды біз бір кезеңде орындаймыз.  Инновациялық жүйе - жоғары технологиялық араласулардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға ғана емес, сондай-ақ, күрделі операцияларды орындау процесін айтарлықтай жеңілдетеді, - деп атап өтті профессор, Президенттік клиниканың директоры Валерий Бенберин.

Опыт на экспорт-5.jpg

Дәрігерлер гибридтік операциялардың көмегімен медицинадағы ең басты ресурс – уақытты үнемдейді. Пациент операцияда, тиісінше наркоз әсерінде аз жатады, сондай-ақ, орган тамырларын диагностикалау және көру кезінде пайдаланылатын контрасты заттар мен рентгеннің теріс әсеріне аз ұшырайды. Бипландық кешенді – нейрохирургиялық тамырішілік операцияларға арналған алтын стандарт деп де атайды. Президенттік клиникада осы технология бойынша ашық операциялар да жасалады.


Аурухана серіктестері