Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

БАҚ біз туралы: «Операцияға дейін өмір сүргім келмеді» - Президенттік клиниканың пациенті эпилепсия туралы

  20.01.2020

photo_305579.jpeg

Эпилепсия ауруы туралы естімеген адам жоқ шығар: бүгінгі таңда статистика бойынша әлемдегі әрбір елуінші адам осы аурудан зардап шегеді екен. Қазақстанда жиырма бес мыңнан астам ересек пациент тіркелген. Бұл нақты көрсеткіш емес, себебі ол тек есепте тұрған және диагноз қойылған адамдарды ғана қамтиды.  Президенттік клиниканың эпилептология орталығы –аталған диагноз қойылған пациенттерді үлкен мультидисциплиналық команда емдейтін және жүргізетін елдегі жалғыз орталық. Бүгін біз осы орталықтың әсерлі оқиғасының бірін баяндаймыз. Балауса Кәрімованың оқиғасы - ауру, қорқыныш, өлім, күрес және жанқиярлық туралы сценарий немесе кітаптың негізгі желісіне айналуы мүмкін еді: бүгін де кітап дүкендерінің сөрелерінде мұндай сюжеттер аз емес. Алайда, үлкен кинокомпаниялар продюсерлерінің, болашақ бестселлер авторларының да көзіне ілікпеген бұл оқиғаға біздің кейіпкеріміздің таныстары және Балаусаға он жыл бойы көмектескен жандардың есінде қалды.

00858e9b22f1dc41a9842a2b6aa631fd.jpeg

Самай шашының бір жағы қысқа, әдемі шаш үлгісі – бір мезгілде өмірдің жаңа кезеңінің символы мен өткенді еске салу: біз Балаусаны алғаш рет 2018 жылдың күзінде осындай жаңа имиджде көрдік. Ол Қарағандыдан Астанаға операциядан кейін дәрігерге алғашқы көрінуге келген еді. Жарты жыл бұрын Президенттік клиниканың нейрохирургтері квота бойынша оған сол жақ самайлы лобэктомия жасаған. Балауса үшін операция жасау эпилепсиялық ұстамалардан құтылудың соңғы мүмкіндігі болды. Олар күніне он ретке дейін қайталанып отырған. Соңғы кездері тіпті дәрі-дәрмек те көмектеспеген.

e33f780cdf4345fe2744e778994184c1.jpeg

«Балауса қатты өзгерген, ол ашық-жарқын, алдына мақсат қоятын болған. Әрине, ауру өз іздерін қалдырған: эпилепсияға тән эпилептикалық аймақтар бар. Дегенмен, айқын ұстамалар әлі болған жоқ. Ол денсаулығының қазіргі жағдайын сақтап тұру үшін әлі де дәрі-дәрмектерді қабылдайды», - деп әңгімелейді дәрігер- эпилептолог Жасұлан Өтебеков. Ол Аурухананың Эпилептология орталығының командасымен бірге пациентті емдеп, операцияға дайындаған дәрігер.


90dabe7f8f880747a7e9c1c58d519e41.jpeg

Балаусаны бір жарым жылдан кейін дәрігермен жаңа кездесу күтіп тұр. Ол өзінің қорқынышты түс сияқты өткен өмірі туралы: «Операцияға дейін өмір сүргім келмеді. Ал, қазір жұмыс істеп жүрмін, субарендамен айналысамын, пәтерлерді жалға беремін, әртүрлі клиенттерді кездестіремін, мен жай ғана өмір сүргім келеді. Биыл ана болғым келеді, дәрігердің рұқсатымен әрине».


fba6865b1521db2bed9f12bba2a8f616.jpeg

«Қазір ұстама мүлде ұстамайды. Басында, операциядан кейін шамамен бір жыл бұрын сирек болса да арасында бәрібір болып тұратын. Әрине, белгілі бір қорқыныш сезімі де жоқ емес, өйткені мен бір тозақтан қайтіп келгендей болдым ғой. Түнде тілімді шайнап қоямын ба деп қорқатынмын. Қазір ондай жоқ. Бір жарым жыл ғана өтті ғой, жүрегім жеңілдеген сияқты сезім бар, қазір өмір сүргім келеді. Өткенге қайтіп оралғым келмейді», - Балауса осы бір қасіретті ауруды басынан кешкен, сондай-ақ емделуге бел буған адам ретінде баяндап отыр. Сырттан қарағандарға абсурд болып көрінуі мүмкін, бірақ аурудың асқынған қиын сәттерінде, операцияға бел буу да оңай емес (әрине, егер оны дәрігерлер ұсынған болса). 

Балауса, бұрынғы кәсіби пациент, енді өзі дәрігерлерге көмектеседі, ол операцияға дайындалып жүрген немесе  өзіне көмекке жүгінген эпилепсиямен ауыратын адамдарға кеңес береді. Ол оларды жақсы түсінеді және оған сенеді, бірақ емделушімен әңгімелесу оған оңайға түспейді: «Бұл еріктілік. Мен пациенттерге консультация беремін, біз звондасып, араласып тұрамыз. Бірақ кейбіреулер пайда болып, сұрап алады да жоғалып кетеді. Себебі, олар мені көріп, сөйлегенімді естіп, мені бір ертегі айтып отыр деп ойлайтын шығар. Мен оларға «үйге келіңіз, бірге шәй ішіп, басымнан кешкендерді растайтын операция құжаттарын көрсетейін» - деп айтамын.

a011211cc6b6b3253ab48653e3324e6f.jpeg

«Пациентке, әсіресе мұндай диагнозы бар адамдарға, тек алға ұмтылу керек, ешкімнен қорқудың қажеті жоқ. Өмір сүр, бәрінен де әдемі бол, қорқыныш адамды артқа сүйрейді». 

Балаусаның кішкене ғана жеңісі, біреулер үшін өмірдегі үлкен жеңіс: соңғы жылы Президенттік клиниканың Эпилептология орталығында тағы екі пациент емдеуден өтті, оларды операцияға Аурухананың мультидисциплиналық командасымен бірге Балауса дайындады. Оның рөлі медициналық мамандықтар тізілімдерінде болмаса да, маңызды – пациентке моральдық қолдау көрсету және көмек көрсету. 

Мамандардың айтуы бойынша, эпилепсия – толық жазылып кетпейтін ауру. Мидағы эпилепсия ошақтарының орналасу факторы, оның түрі, дұрыс таңдалған терапия және т.б., әдетте «жолы болды» дейтін тұжырымдама, пациентке және кейінгі салдарына әсер етеді. Дегенмен, тіпті ең қиын жағдайларда да бір үміт болады. Балауса бұған сенеді. Ал сіз ше?


БАҚ быз туралы: https://tengrinews.kz/medicine/do-operatsii-hotela-umeret-patsientprezidentskoy-kliniki-389140/



Аурухана серіктестері