Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚҰРАМАСЫ ЖАРЫСТА ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

  22.11.2019

Аурухананың Жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесінің бригадасы астана әкімдігінің Жедел медициналық көмек станциясы базасында өткен қалалық шұғыл көмек қызметтері арасындағы турнирде үшінші орынға ие болды.

Шұғыл көмек көрсету бойынша жылдамдық мен сапасын тексеру жарысы жыл сайын өткізіледі. Биыл ең жылдам, әрі ең тиімді атағы үшін тоғыз команда күресті. Президенттік клиниканың жалауын жедел жәрдем дәрігері Мұхтар Шойбеков, фельдшерлер Асхат Абжанов және Александр Голговский қорғады.

Біздің бригадамыз тоғыз станцияда кәсіпқойлықпен жарысты. Дәрігерлер әртүрлі шұғыл жағдайларда: жол-көлік оқиғалары, жаппай зақымданулар, көп жарақаттар, босану, жіті коронарлық синдром, аллергиялық реакция, менингит кезіндегі дағдыларын паш етті.

 «Бұл жарыс біздің команда үшін алғашқы болды, бұдан әрі де жалғасын таба береді деп үміттенемін», - дейді Жедел жәрдем бөлімшесінің дәрігері және Президенттік клиниканың білім беру бөлімінің маманы Евгений Митин. Бұл турнирде дәрігер Митин - Аурухананың жедел жәрдем командасының жаттықтырушысы атынан шықты.

«Біріншілікке қатысу мақсат емес. Бұл, ең алдымен, барлық қатысушылар мен көрермендердің біліктілігі мен шеберлігін жалпы арттыру. Келесі жолы біздің Аурухана екі команда шығарады деп үміттенемін, әр жолы біздің қызметкерлердің біліктілігі арта түседі, ал біз жоғары орындарға ие бола береміз", - деп атап өтті, доктор Евгений Митин.

Жедел жәрдем командасы біріншілікке дайындалуға көмек көрсеткендері үшін Аурухананың жедел жәрдем бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Кучербаеваға, аға фельдшер Әсем Өтегенге, Білім беру бөлімінің қызметкерлеріне және Президенттік клиника басшылығына алғысын білдіреді.

Бригада Отделения скорой медицинской помощи Больницы - 1.jpg Бригада Отделения скорой медицинской помощи Больницы - 2.jpg< Бригада Отделения скорой медицинской помощи Больницы - 4.jpg


Аурухана серіктестері