20 ҚАРАША – БҮКІЛӘЛЕМДІК ӨКПЕНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ АУРУЫМЕН КҮРЕС КҮНІ
20.11.2019
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – бұл тұрақты демігуге, қақырық пен жөтелге алып келетін, өкпеге түсетін ауа ағымын шектейтін қарқынды дамитын ауру. Бұл симптомдар – өкпе тіндерінің ауа арқылы енетін токсиндар мен газдардың, темекі түтініне реакциясы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша, ӨСОА көбінесе темекі шегушілер мен қолайсыз экологиялық жағдайларда өмір сүретін адамдарда диагностикаланады. Алайда, созылмалы аурудың даму себебі генетикалық факторлар, сондай-ақ инфекциялар болуы да мүмкін, бірақ олардың үлесі айтарлықтай ауқымды емес.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы толығымен жазылмайды, бірақ темекі шегуден бас тарту, саламатты өмір салтын ұстану, арнайы емшаралар мен дәрі-дәрмектер алу алу арқылы симптомдарын жеңілдетуге болады.
Осы аурумен Бүкіләлемдік күрес күні қарсаңызда – біз оқырмандарымызға өкпесіз толық терең тыныс алудың мүмкін еместігін, осы органымызға қамқорлық таныту керектігін, қалай және немен тыныс алатындығымызға назар аударуды ұсынғымыз келіп отыр.
Президенттік клиниканың Пульмонология қызметінің тыныс тіршілігі туралы мына жерден біле аласыздар:
http://bmcudp.kz/ru/about/main-specialists/3262