Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Циклотрон не үшін қажет? Президенттік клиниканың ең ауқымды жобаларының бірі туралы

  24.10.2019
Бүгінгі таңда елімізде 70 мыңнан астам адам аталған сегіз радийфармпрепаратты қолдану арқылы тексеруден өтуді қажет етеді.

1.jpg

Ауруды жасуша деңгейінде пациенттің өміріне үлкен қауіп төндірмей тұрған кезде табу және жеңу – бүгінгі айтылатын мәселелердің бәрі ядролық медицинадағы зерттеулер мен жетістіктер, сондай-ақ 1980 жылы ғана ғылыми қоғамдастық ресми мойындаған медицина ғылымының саласы туралы болмақ. Жасына қарамастан, ядролық медицина өзінің қажеттілігін дәлелдеді, атап айтқанда, ісіктің ең бастапқы сатыларында түрлі ошақталған онкологиялық ауруларды диагностикалауда.

Мамандар зерттеудің нақтылығы үшін радийнуклидтік фармацевтік препараттарды пайдаланады. Оны пациенттің ағзасына ПЭТ/КТ (компьютерлік томографпен біріктірілген позитронды-эмисионды томограф) аппаратымен диагностика жүргізу алдында егеді. Бұл аппарат пациенттің денесіндегі жиналған радийфармпрепараттарды көреді және осы арқылы ағза тіндерінде жүріп жатқан ауытқу процестерін нұсқай алады.

2.jpg

«Президенттік клиниканың Ядролық медицина мамандары дәрігерлерге әрі қарай тиімді ем жүргізу үшін нақты диагнозды қоюға және аурумен бастапқы сатысында күресуге көмектесе отырып, дәл осылай ауруды диагностикалайды. Осы саланың аумағын кеңейту және пациенттердің көпшілігіне көмектесу үшін, Ауруханада Циклотронды-өндірістік кешеннің құрылысы бойынша ауқымды жоба іске қосылды. Осы кешеннің негізгі мақсаты күрделі диагностикаланатын онкологиялық ауруларды, сондай-ақ ми және жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау үшін бірқатар түрлі радийфармпрепараттарды өндіру болып табылады.»

3.jpg

Президенттік клиниканың Ядролық медицина орталығының инновациялық жобасы ретінде, онкологиялық аурулар мен ми және жүрек ауруларын емдеу және диагностикалауда қалай көмектесетіндігі, Аурухананың дайындығы туралы біз Диагностика орталығының басшысы Айгуль Садуакасова, ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары Ажар Гиният және АЭХА халықаралық сарапшысы, доктор Али бин Абдул Кадермен әңгіме барысында білдік.

Бәрін кадр шешеді

4.jpg

- Біз бүгінде Медициналық орталық жүйесінде инновациялық жүйені іске асырудамыз. Аурухананың аумағында циклотронды кешеннің құрылысы басталды, жақын арада онкологиялық, ауыр неврологиялық, кардиологиялық және жүйелі аутоиммундық ауруларды диагностикалау үшін бірнеше радийфармпрепараттарды өндіретін болады. Қазіргі таңда, біз әлемнің үздік клиникаларында мамандардарымызды, яғни дәрігерлер, физиктер, радийхимиктер және радийфармацевтерді, радиациялық қауіпсіздік инженерлерін дайындап жатырмыз. Бұл жобаны көлемі бойынша еліміздегі ерекше жоба деп атауға болады, себебі циклотронды кешеннің жұмысы негізінде әзірше біздің елде жасалмайтын зерттеулерді жүргізуге болады. Жоба аяқталғаннан кейін, біз тек әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеп қана қоймай, сонымен қатар дәрілік препараттарды өндіретін боламыз, - деді ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Ажар Гиният.

Сапасын тексеру

5.jpg

«Мен Президенттік клиникаға төртінші рет келіп отырмын, бұл жолы QUANUM атты атом энергиясы (АЭХА) бойынша агенттіктің аудитіне дайындық жүргізіп жатырмын. Осылайша, біз дүниежүзі бойынша Ядролық медицина орталықтарының халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыстарын реттеуге көмектесеміз. Егер де, сіз әр қадамыңызды қағазға жазып қоятын болсаңыз, енді оны практикада қолдану қажет. Бұл өте маңызды, себебі нормаларды орындау ықтимал қателіктерге жол бермейді. Алайда, клиникалар үшін халықаралық стандарттарды енгізу міндетті емес екендігін де түсінулеріңіз қажет, дегенмен, дәл мұндай тексерулер кез-келген Ядролық медицина орталықтарының жұмыс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді: аудит нәтижесі бойынша, сіздер АҚШ-тың ядролық медицина бойынша ең озық клиникаларының бірімен теңдей балл жинауларыңыз мүмкін. Бұл шынымен де, нағыз көрсеткіш болады. Президенттік клиникада ядролық медицина үшін QUANUM стандартын енгізуді шешті, дәл осындай аудитті біз, АЭХА сарапшылары циклотронды кешен үшін де жүзеге асырамыз, - деді атом энергиясы бойынша агенттіктің (АЭХА) ядролық медицина саласындағы халықаралық сарапшысы, профессор Мохамед Али Бин Абдул Кадер.»

Әлеуметтік мәселе

6.jpg

- Қазақстанда жыл сайын обырдан 16 000 адам көз жұмады, олардың жартысына жуығы жас, еңбекке қабілеттегі жастар. 2016 жылы 36 813 пациентте қатерлі ісік алғаш табылды, 4 233 жағдай (11,5%) ауруды емдеуге келмейтін, төртінші сатысында диагностикаланды. Бұл сандардың барлығы тек онкологиялық ауруларды ерте диагностикалаудың қажеттілігін көрсетеді, оның арқасында емдеу айтарлықтай тиімді болар еді. Біздің Ауруханадағы циклотронды кешен құрылысының негізгі идеясы да осында жатыр. Қазіргі уақытта Республикалық Диагностикалық Орталықтың базасында циклотронды кешен бар, алайда ол жерде тек бір радийфармпрепаратын өндіреді, ол – 18-фтордезоксиглюкоза (18F-FDG). Оның көмегімен біз қатерлі ісіктердің метаболизмдік активтерін диагностикалаймыз, - дейді ҚР ПІБ МОА Диагностика орталығының басшысы Айгуль Садуакасова.

7.jpg

Аурухананың базасындағы циклотронды кешеннің арқасында, біз қуықасты безінің обыры, нейроэндокриндік аурулар, ми ісігі, остеобластық сүйек метастазы, қатерлілігі төмен ісіктер және т.б. сияқты күрделі диагностикаланатын ауруларды зерттеуге арналған радийфармпрепараттың тағы сегіз түрін өндіретін боламыз.

Статистика бойынша бүгінгі таңда елде 70 мыңнан астам адам көрсетілген сегіз радийфармпрепаратты қолданып тексеруді қажет етеді. Алайда, олардың қажеттіліктері Қазақстанда әзірге қанағаттандырылмай отыр. Осыған байланысты, әдетте ауру терапияның пайдасы болмайтын, кейінгі сатыларында анықталып жатады.

Жаңа радийфармпрепараттарды енгізу түрлі онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауды жетілдіреді, нәтижесінде пациенттердің ауруларын асқындырмай, өмірлерін ұзартуға мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл жерде тек онкологияны диагностикалау мәселесі ғана қарастырылған жоқ, сонымен қатар біз еліміздің кардиология және неврологиядағы медициналық мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, ақтық созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігін тексеру, эпилепсия, Альцгеймер ауруы, Паркинсон ауруы аймақтарын тексеру, деменция, мультижүйелік атрофия  және басқа да ауруларды зерттеу.

ПЭТ/КТ тексерулеріне келесі телефондар арқылы жазылуға болады: 87058887777, 8(7172)708040, 8(7172)707946


Аурухана серіктестері