Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ Е. БІРТАНОВ: «ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯҒА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫРМЫЗ»

  26.07.2019
Бұл туралы Елжан Біртанов, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында өткен австриялық доктор-ортопед және Вена медицина университетінің профессоры Стефан Марловицпен кездесу барысында айтты.

«Ортопедиялық операцияларға қажеттіліктің арта беретіні сөзсіз, осыған байланысты, біз келесі жылға ортопедиялық хирургияға қаржыландыру көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Мен қаржыландырудың жетіспей жатқандығын білемін, кезек өте көп. Бәрі операцияның күрделілігіне байланысты екендігін де түсінемін. Бізге белгілі бір өңірлерге бөлу қажет: өте сирек операцияларды республикалық орталықтар базасында, ал барынша кеңірек тарағандарын қалалық және облыстық ауруханаларда жасауға болады. Алайда, бұл сұраққа өте сақтықпен және салмақты қарау керек», - деді де Елжан Біртанов, сондай-ақ, Президенттік клиниканың базасында тұрақты өтіп тұратын Қазақстанның докторлары мен шетел мамандарының өзара кәсіби тәжірибе алмасу рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Бұл жолы дағдыларын жетілдіру және Аурухана дәрігерлерімен тәжірибесімен бөлісуге доктор-ортопед Стефан Марловиц Венадан келді:

«Шақырғандарыңызға үлкен рахмет, мен үшін сіздердің Ауруханаларыңыздың JCI аттестаттаудан өткендеріңізді есту маңызды, бұл осы клиникада қолданылатын жоғары стандарттар туралы айтады. Сонда-ақ, біз сіздермен өз тәжірибемізбен қуана отырып бөлісеміз және докторларды мүмкіндік болса, Венаға келуге шақырамыз. Мен шеберлік сыныптарды бүкіл әлем бойынша өткізіп жүрмін, сондықтан тұрақты білім алу қажеттілігінің маңызын білемін», - деп, атап өтті профессор Марловец министрмен сұхбат кезінде.

2019.07.26 Стефан Марловиц 42019.07.26 Стефан Марловиц 32019.07.26 Стефан Марловиц 22019.07.26 Стефан Марловиц 1


Аурухана серіктестері