Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дүниежүзілік көру күні

  10.10.2019

Дүниежүзілік көру күні – қазанның екінші бейсенбісі аталып өтетін дата. Биыл бұл күн 10-қазанға түсті. Атаулы күн көрудің – қабілет емес екендігін еске салатын күн: ұзақ жылдар бойы көру қырағылығы мен жітілігін сақтап қалу үшін көздің саулығын күту керек.


Әсіресе, қазір үнемі компьютердің алдында жұмыс істеу, смартфонда фотосурет/видео көру және тіпті осы посты оқып отырған кезде де біздің көзімізге қысым түсуде (тіпті бұл пост сіздердің көздеріңізге алаңдап жазылған болса да).

Экран адында өткізген уақыттарыңыз көздеріңізге пайдалы болу үшін, Президенттік клиниканың офтальмологтары көздерді жаттықтыруға арналған жаттығулардың түрлерін ұсынады:

1. Көзіңізді 3-5 секундқа қатты жұмыңыз, сосын ашыңыз, көз бұлшықеттерін босаңсытыңыз. 6-8 рет қайталаңыз.

2. 1-2 минут бойы көздеріңізді жылдам ашып-жұмыңыз.

3. Көздеріңізбен сағат тілі бойынша және кері «сегіздікті» 3-5 секунд сызыңыз. 8-10 рет қайталаңыз.

4. Алақандарыңызды бір-біріне ысқылап алып, көз алмасына басыңыз. Көзіңізге сәл басыңқырап және түсіріңіз. 12-16 рет қайталаңыз.

Докторлардың кеңесі бойынша бұл гимнастиканы күніне 3-4 рет қайталау керек және әрине, оған қоса қанық дәруменді диетаны ұстанған жөн. Сіздерге құрамында лютеин бар өнімдер жақсы көруге көмектеседі: қаражидек, асқабақ, бұршақ, асжапырақ, жасыл бұлшақ, сәбіз, апельсин, болгар бұрышы, жаңғақ.

Әрине, профилактика үшін көздеріңізді мамандарға келіп тексеріп тұруды ұсынамыз. Президенттік клиниканың дәрігер-офтальмологтарының қызметі туралы білу үшін сіздерге мына сілтемеге өтуді ұсынамыз: http://bmcudp.kz/ru/about/hospital/2674 (№3 хирургиялық бөлім (травматология, ортопедия және көз микрохирургиясы)
http://bmcudp.kz/ru/about/polyclinic/3023 (Ақылы қызмет бөлімшесі).



Аурухана серіктестері