Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

  11.09.2019
Жаңа операциялық бөлмеде бипландық ангиографиялық кешеннің көмегі арқылы гибридті операция жасауға мүмкіндік береді. Оның Қазақстанда және Орталық Азияда аналогы жоқ.

2019.09.11 биплановый ангиограф 1

Бүгінгі таңда бипландық ангиографиялық кешен әлемдік медицинада, көбінесе диагностика мақсатында және шағын тесу арқылы орындалатын шағын инвазиялық тамырішілік операциялар кезінде кеңінен қолданылады.

Президенттік Клиниканың директоры Валерий Бенберин: «Бұл операцияның бірегейлігі – біздің дәрігерлер тамырішілік, сондай-ақ бас және жұлын-миға, жұлынға және бір уақытта бірнеше ағзаға жасалатын ашық операцияларды жүргізе алады. Әдетте бірнеше кезеңмен орындалатын операцияларды енді бір уақытта жасауға болады. Бұлардың барлығы жоғары технологиялық операцияның сенімділігі мен қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, сондай-ақ инновациялық жүйе күрделі операцияларды жасау процесін айтарлықтай жеңілдетеді», - деп атап өтті.

2019.09.11 биплановый ангиограф 2

Докторлар гибридті операциялардың арқасында медицинадағы ең басты ресурс – уақытты үнемдейді. Пациент операция бөлмесінде және наркозда аз уақыт болады, сондай-ақ диагностика және ағза қан тамырларын зерттеу кезінде қолданылатын контрасты заттар мен рентгеннің теріс әсеріне аз ұшырайды.

«Бипланды кешен нейрохирургиялық тамырішілік операциялар үшін алтын стандарт болып табылады, - дейді ПІБ МОА нейрохирургы Азат Шпеков. Біздің жағдайда бұл технологияда ашық операцияларды да істейміз. Бұл уақыттың талабы: егер технологияның мүмкіндігі болса, неге оны барынша пайдаланбасқа. Кейбір пациенттерге екі кезеңді операция тағайындалады, неге осы екі кезеңді бір операциялық бөлмеде жасамасқа».

Директордың айтуы бойынша, гипертамырланған (қан тамырлары таралған) ісіктері бар, күрделі ми аневризмасы (ми қантамырларының кеңеюі) бар, тамырлы даму ақаулары бар, сондай-ақ жіті инсульт алған пациенттер үшін операция жасау уақыты қысқарады:

«Инсульт алған жағдайда операция жасау кезінде компьютерлік томографта (КТ) тексеру жүргізіп алып, сосын ғана пациентті ангиографияға апарады, содан кейін операциялық бөлмеде тромбты алып тастайды. Бұл жерде барлығы бір уақытта жасалады. Егер пациенттің басына қан құйылатын болса, онда бірден осы жерде ашық араласып, гематоманы алып тастауға болады. Осылайша, біз адамды құтқарып қалу мүмкіндігін ұлғайтамыз».

2019.09.11 биплановый ангиограф 3

Бипланды ангиографиялық кешенмен жасалатын гибридті операцияның тағы бір артықшылығы – дәрігердің қателік жіберу мүмкіндігін азайту. Құрылғыны клиникалық қолдану жөніндегі дәрігер Андрей Грановский былай деп түсіндірді:

«Бипланның монопланнан ерекшелігі контрасты затты бір рет енгізіп, оны бірден екі проекциядан көреміз. Желімді енгізу, стентті орнату, тамырдағы баллонды үрлеу – осылардың барлығы бір реттік жұмыс. Біз шығарып алып, тағы сала алмаймыз. Көз алдарыңызға объектіні елестетіңіздерші, оған бір көзбен қарағанда алдыңғы немесе артқы қабырғаның қайсысының жақынырақ немесе алысырақ екенін анықтай алмайсыз. Ал қазір біз [бипланды ангиографиялық кешеннің арқасында] екі көзбен көретін болдық.

Бұл Президенттік клиникадағы екінші гибридті операция: ең алғашқысын – монопланды ангиографиялық кешенмен орындалған – Ауруханада және бүкіл Қазақстанда үш жыл бұрын таныстырылған.


Аурухана серіктестері