Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасына келген Ливия делегациясының өкілдері Президенттік клиникадағы медициналық көмек көрсетудің жоғары стандарттарын атап өтті

  05.07.2019

2019.07.05 Высокие стандарты 1

Ливиялық ең ірі медициналық компанияларының бірінің директоры Мохамед Фуад Фадил Элсуфах оның елі медицина саласында жаңа, әрі сенімді серіктестерді іздестіріп жатқаны туралы айтты, себебі Ливия азаматтарына Англияға және Германияға көшпелі емделуге виза алу қиынға түседі және жыл сайын елден миллион долларға жуық медициналық қаражат шығарылады.

Валерий Бенберин кездесу барысында Президенттік клиника ынтымақтастық үшін ашық екенін және серіктестіктің қолайлы форматтарын талқылауға дайын екенін атап өтті. Аурухана басшысы кездесу барысында қонақтарға Президенттік клиниканың потенциалы мен мүмкіндіктері туралы айтып берді. Атап айтқанда, емдеу түрлерінің алуан түрлілігі туралы. Аурухана абдоминалдық, гинекологиялық, урологиялық, жүрек-қан тамырлары, интервенциялық және травматологиялық операциялардың кең спектрімен жабдықталған.

Валерий Бенберин Ауруханада робот-ассисттеуші қондырғысы белсенді пайдаланылатынын атап өтті. Клиникада "Senhance" қондырғысындағы операциялар саны бойынша Еуропадағы ең жоғары көрсеткіштеріне ие. Сондай-ақ, Аурухана базасында әлемдегі үшінші (АҚШ, Италия) операциялық араласуды дамытумен айналысатын оқыту референстік орталығы құрылды.

2019.07.05 Высокие стандарты 2

Қазақстан Республикасындағы Ливия Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі А.С. Ахмед Мефтах Валерий Бенберинге бөлінген уақыты үшін алғысын білдіріп, Ливия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болғанын еске салып, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты денсаулық сақтау саласында да, атап айтқанда Президенттік клиника базасында да құруға болатынына сенім білдірді.

2019.07.05 Высокие стандарты 3


Аурухана серіктестері