Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПАЦИЕНТТІҢ ОҚИҒАСЫ: СТЕФАНО РАЙМОНДИ – ШВЕЙЦАРИЯЛЫҚ ГУРМАН

  07.06.2019

Стефано Раймонди – Швейцария елшілігінің қызметкері, ол Президенттік клиникада қызмет бойынша бірнеше рет болған. Алайда, оның соңғы сапары дипломатиялық қызметпен байланысты емес: Стефано Раймонди Аурухана дәрігерлеріне тізедегі қатты ауырсынудың салдарынан жүгінді, бірақ нәтижесінде басқа да ауруларын емдеп шықты. Біздің шетелдік пациентімізбен оның Президенттік клиникада болуы туралы әңгімелестік және оның дәрігерлер, емдеу процесі мен асхана тағамдары жайлы пікірін естідік.

2019.06.07 СТЕФАНО РАЙМОНДИ 1

Менің Қазақстандағы Швейцария елшілігінде жұмыс істеп жүргеніме екі жыл болды. Менің әйелім дипломат, сондықтан мен онымен бірге келдім.

 

Мен өткен жылы Ауруханада болғанмын, сол кезде де тізе проблемасымен. Маған қызмет көрсетуі ұнады, аудармашының болғаны мен үшін маңызды болды, себебі маған тіл маңызды мәселе болып табылады – мен қазақша да , орысша да сөйлемеймін. Мұндай жағдайларда бізге, шетелдіктерге Ауруханаға түсу өте қорқынышты, өйткені ойыңды жеткізе алмайсың, ауырсыну себебін түсіндіре алмайсың және персоналға сенің проблемаңды түсіну қиын.

 

Жиырма сегіз жыл бұрын тіземнен ауыр жарақат алдым, сол себептен кез келген сәтте ауырсыну қайта басталуы мүмкін екенін әрдайым білдім.

 

Барлығы үш апта бұрын Өзбекстанда болғанда басталды. Осы сапар кезінде біраз жаяу саяхаттауға тура келді. Келген соң мен дәрігермен кездесу керек деп шештім, Президенттік клиниканың халықаралық бөлімінің өкілдерімен хабарласып, менің келуімнен кейін екі күн өткен соң, олар маған травматология, ортопедия және көз микрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Болат Ысқақовпен кездесу ұйымдастырды.

2019.06.07 СТЕФАНО РАЙМОНДИ 2

Ол мені бірден МРТ-зерттеуге жіберді, менің тізем өте нашар күйде екенін көрсетті. Доктордың айтуынша, тізе буынын ауыстыруға ерте болды: мен бұл операция үшін әлі жас екенмін. Оның орнына PRP плазмолифтингті, яғни тромбоциттермен байытылған қан плазмасымен емдеуді ұсынды.

 

Мен өздігімнен терапия мүмкіндіктерін зерделеп, бұл емдеу маған көмектесе алады деп ойладым және өз келісімімді бердім. Емдеуді Мухитдин Джума-Ахунов жүргізді.

2019.06.07 СТЕФАНО РАЙМОНДИ 3

Бастапқыда мен Ауруханаға тізе ауырсынуына байланысты түстім, бірақ өзім емделудің үшінші күні денсаулығымның тағы бір мәселесін неге шешпеске деп ойладым: сол кезеңде тыныс алу қиындығы да болды, бұдан түнде оянатынмын.

 

Жұбайыммен ақылдасып, бір шешімге келдік: осында болсам, неге лор-дәрігермен кездеспеске? Аурухананың лор-хирургі Дмитрий Огай тексеру жүргізді, нәтижесінде тыныс алуды қиындатқан мұрын қуысында өте үлкен полиптер болғаны анықталды. Олар мұрын жарақатынан кейін пайда болған.

 

Нәтижесінде, травматология, ортопедия және көз микрохирургиясы бөлімшесінде бір апта өткіздім, ал келесі аптада мені оториноларингология және нейрохирургия бөліміне жатқызды.

 

Аурухана жабдықтау тұрғысынан өте жақсы. Мен жұмыс сапарымен болған, немесе, өкінішке орай, жарақат салдарынан әлемнің басқа да көптеген ауруханаларында болғанымнан салыстыра аламын. Президенттік клиника – олардың ең жақсысы, ол өте заманауи, жақсы жабдықталған, палаталары да тамаша. Егер қызмет көрсету туралы айтатын болсақ, мен таң қалдым: осында алған емделуім өте жақсы деңгейде жүргізілді.

 

Мен персонал дегенімде, тек дәрігерлерді ғана емес, сондай-ақ мейірбикелерді, күн сайын қамқорлық көрсететін адамдарды да айтамын.

 

Және әрине, тамақтану керемет болды, бұл мені таң қалдырды. Мен Италияда туғанмын, менде италиялық қан ағып жатыр, ал біз үшін ас өте маңызды. Ауруханада он екі күн өткізсем де, барлық уақыт бойы екі-ақ рет бірдей тағам болды. Пациент мәзірінің алуан түрлі болғаны соншалықты – кейде тіпті тамақ тым жеткілікті болып көрінген!

 

Ескертпе: PRP плазмолифтинг – тізе буынын хирургиялық емес емдеуі, оның кезінде дәрігерлер пациенттің қанынан бөлінген плазманы науқас буынына инъекция ретінде пайдаланады.


Аурухана серіктестері