Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

КЕУДЕ ҚУЫСЫНДА БІР КЕСУСІЗ ЖҮРЕК ТАМЫРЛАРЫН ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ?

  02.04.2019

Президенттік клиниканың докторлары Швейцарияның белгілі кардиологымен бірге жүрек тамырларын емдеу әдістерін жетілдіріп жатыр: олар басқа жағдайларда операциялық үстелге жатуға рұқсат етпейтін пациентке операция жасайды. Біз тікелей оқиға орнына аттандық және Президенттік клиниканың интервенциялық хирургтерімен олардың жүрек тамырларын қалай емдейтіндері және жүректі соқтыруға көмектесетіні туралы әңгімелестік.

2019.04.02 лечение ибс 1

Бірақ операция алдында медициналық терминдер бойынша шағын ликбез өтейік. Президенттік клиниканың интервенциялық хирургі Александр Землянский былай деп түсіндіреді:

 

"Әрбір ағзаға оны қоректендіретін тамырлар келеді. Жүрек тамырлары коронарлық артериялар деп аталады. Егер олар тромбтармен, атеросклероздық түйіншектермен бітеліп қалса, онда тамырлардағы саңылаулар тарылады, жабылады, тромбаланады, қан ағысы азаяды және жүрек жеткіліксіз қоректенеді. Ағзаға бұл қан келуінің жетіспеушілігі ишемия деп аталады".

 

Дегенмен, операцияға дайындаған пациенттің диагнозы бұдан да күрделі естіледі: жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, функционалдық топ үш. Кәсіби тілден аударғанда бұл терминдердің барлығы жүрек қанының жетіспеушілігі туралы айтады, олар көбінесе хирургиялық жолмен емделеді.

2019.04.02 лечение ибс 2

"Осыған байланысты жүректің ишемиялық ауруын емдеудің екі негізгі түрі бар, - деп жалғастырды Александр Викторович, - ашық, немесе дәстүрлі хирургиялық операция, ол кезде кеуде қуысын ашады және кардиохирург анастомоз немесе айналмалы тамырды қалыптастырады. Осылайша, бұл зақымдалған учаске басқа тамырмен қан ағынының тізбегінен шығарылады. Бұл аортокоронарлық шунттаудың стандартты операциясын барлық кардиохирургтар орындайды, және біздің Орталықта мұндай операциялар көп жасалады. Бұл - кардиохирургтың күнделікті жұмысы" деп те айтуға болады.

2019.04.02 лечение ибс 3

"Бірақ қан тамырларын операциялық емдеудің екінші тәсілі де бар, біздің, эндоваскулалық - дейді интервенциялық хирург Александр Землянский - ем кеуде қуысында кесусіз, жамбас немесе сәуле артериясы аймағында шағын тесу арқылы жүргізіледі. Құралдарды жеткізу жүйесі ретінде қызмет ететін және жұқа түтікше тәріздес өткізгіштер мен катетердің көмегімен біз тамырдың бітелген бөлігіне еніп, оны ішінен баллонмен кеңейтеміз. Ол үрленіп, қан ағымына кедергі жасаған аймақты кеңейтеді. Одан әрі, біз нәтижені стентпен бекітеміз: ол қаңқа болып, тамыр қабырғасын ішінен ұстап тұрады".

 

Операцияның әрбір түрі үшін, дәрігердің айтуынша, өз көрсетімдері бар: жүректі қоректендіретін барлық үш коронарлық тамыр бітеліп қалған жағдайда ғана ашық араласу жасалады. Олар азырақ зақымданған жағдайда іске интервенциялық хирургтар кіріседі. Бірінші жағдайда, ашық операция кезінде докторлар жүректі тоқтатады, ал сорғы функциясын сол уақытта жасанды қанайналым аппараты алады. Екінші, эндоваскулалық (тамыр ішілік) тәсілмен барлық манипуляция істеп тұрған жүректе өтеді, ал пациент, әдетте, санада болады.

2019.04.02 лечение ибс 4

Бірақ емдеудің үшінші түрі де бар - дәрігерлер үшін қосалқы жоспар және алғашқы екі жағдайда операция жасауға рұқсат берілмеген үшін құтқару.


"Бүгін дәл сондай жағдай болды: қантамырларымен проблемалары бар науқастардың санаты бар, яғни олардың толық окклюзиясы - бітелуі . Бірақ бұл науқасқа, мысалы, әдетте мұндай диагнозда орындалатын жүрекке ашық операцияны жасау ілеспелі аурудың немесе жасына байланысты мүмкін емес, себебі оның аман қалуы екіталай", - деп атап өтті Александр Землянский бізді жаңа терминологиямен таныстыра отырып.   Хирургтер пациентке операция жасайтын үшінші әдісі - ол дәстүрлі эндоваскулалық (тамыр ішілік) операцияның бір түрі, оны коронарлық артериялардың ретроградты реканализациясы деп те атайды.

2019.04.02 лечение ибс 5

Дегенмен, сөздердің күрделі үйлесімін жаттамау үшін үшін, бізге мәнін түсінуді ұсынады: хирургтар жүректің коронарлық артерияларын бір-бірімен қосатын тамырлар арқылы бітелген аймаққа жетеді - оларды коллатералий жүйесі деп атайды. Осындай коллатералийлердің саңылаулары арқылы докторлар зақымданған учаскеге қажетті құралдарды өткізуді жоспарлап отыр. Операция басталды.

2019.04.02 лечение ибс 6

Пациент: жетпіс тоғыз жастағы қарт әйел. Бұрын, қандай да бір манипуляцияларды, әсіресе жүрекке жасау үшін өте нәзік жас деп айтар еді. Бірақ қазір емес. Операция кезінде ол санада болады, ал кейін, қалпына келтіру процесі көп уақыт алмайды. Операциялық бөлмеден шығарда "Бұл заманауи медицинаның жетістігі" деп атап өтті Швейцариядан шақырылған маман. Дәрігер Олаф Францен - интервенциялық кардиолог. Оның қызметтік тізімінде - кеуде қуысын ашусыз, эндоваскулалық (тамыр ішілік) әдісімен жасалған жүректің митралық қақпақшасын биопротезбен ауыстыру бойынша әлемдегі ең алғашқы операция.

 

Доктор Францен технологиялардың дамуы туралы әңгімелейді - алғашқы жабық операциялар шамамен жеті сағат бойы өтетін, ал енді оларды бір сағаттан аз уақытта орындайды; ол әлемдегі жүрек-қантамыр ауруларының өсуін - адамзаттың бүгінгі басты "өлтірушісі" деп атайды, сондай-ақ жас өте келе жүрекке қалай күтім ету керектігін атап өтті:


"Егер сіз өмір салтын қадағаласаңыз, 90% жүрек және қан тамырлары ауруларының алдын алуға болады. Ең бастысы - қауіп-қатер факторларын бақылау, бұған физикалық жаттығулар, дұрыс тамақтану, темекі шекпеу, қандағы холестерин және қысым деңгейін бақылау жатады. Кейбір елдерде жүрек және қан тамырлары ауруларынан болған өлімдер саны өте көп, бұл өлімдер болмас еді, бірақ адамдарға өз әдеттерін бақылау қиын. Бәрі сіздің өмір салтыңызға байланысты. Ол сіздің ауырған кезде қажет болатын ем құнына қарғанда қымбат емес. Алдын алу шаралары - әлдеқайда арзан".

 

Сонымен қатар доктор Францен, кәсіби салада да тәжірибе алмасуға қатысты пайдалы әдеттерді жасау маңызды. Медицинада жоғары жағы жоқ, өйткені бәрі үнемі оқиды:

 

"Біз бұны мастер-класс деп атаймыз және сол себептен біреулер үйретеді деп ойлаймыз, бірақ іс жүзінде бұл әрдайым өзара білім алмасу, біз үнемі бір-бірімізден үйренеміз. Бізге, дәрігерлерге, бірге көп жұмыс істеу керек және пациент - біздің қамқорлығымыздың ортасында екенін түсінуіміз керек. Біз команда ретінде жұмыс істеуіміз қажет, сол себептен ауруханалар басшылығының қызметі мен ерік-жігері бұл тұрғыда аса маңызды болып келеді. Олар дәрігерлерді бірлесіп жұмыс істеуге шабыттандыратын атмосфераны құру қажет, себебі жалғыз дисциплина пациентті емдеуге қабілетсіз. Егер біз жүрек тамырын емдейтін болсақ, бізге эхокардиограммалар, кардиохирургтардың, кардиологтардың көмегі қажет және олар бірлесіп шешім қабылдауы тиіс. Бұл докторлар үшін жаңа сын-қатерлер және маған Сіздің Ауруханада мұны көріп, осы міндеттермен жұмыс істеп жатқаны ұнайды".

 

Мұндай міндеттердің бірі - осындай операциялар ел азаматтары үшін қол жетімді екенін көрсету: біздің жағдайда Аурухана хирургтары Қазақстан үшін сирек кездесетін жүрек-қан тамырларына жасалатын манипуляцияны жоғары мамандандырылған медициналық көмек бағдарламасы шеңберінде Қостанайлық пациентке жасады. Қарапайым тілмен айтқанда, квота бойынша.


Аурухана серіктестері