Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ЖЫЛДАМЫРАҚ, ЖОҒАРЫРАҚ, КҮШТІРЕК: МОА КОМАНДАСЫ АСТАНАНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

  12.03.2019

2019.03.11 Спартакиада 1

Аурухана қызметкерлері коньки тебу спорты, боулинг және шахмат бойынша жарысады және өз тәжірибелерін көрсетеді.

Біздің белсенділер мен қатысушылар:

Конькишілер - Ринат Сейдахмет (ақылы қызметтер мониторингі бөлімінің маманы) және Әйгерім Мұхаметқалиева (инженерлік-шаруашылық бөлімінің әкімшісі);

2019.03.11 Спартакиада 2

Шахматшылар - Тасмұрат Дусманов (МОА-ның агрономы), Азамат Манкеев (ақылы қызметтер мониторингі бөлімінің маманы), Мөлдір Әбілдаева (госпитальдық сервис бөлімінің маманы).

2019.03.11 Спартакиада 3

Боулерлер Бақытгүл Дүзельбаева (ЕДШ дәрігері), Әсел Балпанова (кеңсе меңгерушісі) спартакиадада үшінші орын алып, Аурухананың құрама қоржынына бірінші медаль әкелді.

2019.03.11 Спартакиада 4

Астана қаласының медицина мекемелері арасындағы Спартакиада жыл сайын "Денсаулық" атты денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізіледі. Шахмат, боулинг және коньки тебу спорттарынан басқа ауруханалар қызметкерлері мини-футбол, үстел теннисі, волейбол, гирь спорты, жеңіл атлетика, арқан тарту сайыстарында үздік болуға жарысады, әрі іс жүзінде салауатты өмір салты идеяларын насихаттайды.


Аурухана серіктестері