Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

2016 жылғы 26-28 мамырда өтетін «Мұрын және мұрын маңындағы қуыстардың патологиясы» шеберлік класы

  20.05.2016

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» РМК 2016 жылғы 26 мен 28 мамыры аралығында медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Ресей онкологиялық ғылыми орталығының, Онкология және гематология ғылыми-зерттеу институтының бас және мойын хирургиясы бөлімшесінің жетекші ғылыми маманы Меркулов Олег Александровичтің қатысуымен «Мұрын және мұрын маңындағы қуыстардың патологиясы» атты тақырыпқа шеберлік класы өтетін болады.

Шеберлік класс аясында операцияларды конференц-залда тікелей трансляциялау, «Мұрынға эндоскопиялық операциялардың базалық техникасы. Балалар бас қаңқасына жасалатын эндоскопиялық операциялардың ерекшеліктері» тақырыбына лекциялық сабақтар жоспарланған.

Пациенттердің консультациялық қабылдауына жазылу және дәрігерлердің шеберлік класына қатысуы үшін келесі телефондар арқылы өтінім беру қажет: 70-80-90 (ішкі – 75-81), 70-79-52, +77751884606 –МОА ғылыми-зерттеу бөлімі.


Аурухана серіктестері